Сабақ жоспарлары / Физика

Тұрақты токтың пайда болу шарттары - Физика, 10 сынып, 62 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың пайда болу шарттары. Электр энергиясы көзінің Э.Қ.К-і. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. 
Тұрақты токтың пайда болу шарттары - Физика, 10 сынып, 62 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Электр тогы, тізбегі, электр тізбегінде токтың болу шарттары туралы ұғымдар ендіру.
  2. Дамытушылық мақсаты: тұрақты токтың өткізгіштен өту заңдылықтарын меңгеру.
  3. Тәрбиелік мақсаты: электр тізбегінде электрден қауіпсіздік ережесін орындауды дағдыға айналдыру.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция, сұрақ-жауап, салыстыру, топтау,  есеп шығару.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Тест жұмысын талдау, қатемен жұмыс істеу.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. а) Электр тогы, оның бағыты, әсерлері.
Б) ток күші, кернеу, кедергі, олардың өлшем бірліктері және оларды өлшеу.
В) Ом заңы. Вольт-амперлік сипаттама.
Г) меншікті кедергі, кедергінің температураға байланысты. Қайталауды «Эектрондық бастамалар»-электрондық оқулықтан немесе кодоскоптың көмегімен т.к. экранға проекциялау арқылы оқушыларға баяндау, сұрақ-жауап ұйымдастыру.
Д) Қортынды: Өткіз ұштарында потенциалдар айырымы болғанда ғана өткізгіште ток өтеді. Ол өткізгіште әртүрлі әсер білдіреді.

5. Ток көздерінің құрылысы (аккумулятор, гальвани элементтері термопара, күн батареясы т.б.)
6. Өткізгіштен ток күшімен кернеу арасындағы байланыс графигін, вольт-амперлік сипаты деп аталады. 

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. Топтау стратегиясы.

2. 10с –та өткізгіштің көлденең қимасынан 10 Кл заряд өтсе, ток күші неге тең? 

VІІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§9.1-9.3   дайындық сұрақтарын талдау.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §9.1-9.3   дайындық сұрақтары,  есептер жинағынан есептер.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: