Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сөзжасам. Сөз тұлғасы. - Қазақ тілі, 6 сынып, 12 - сабақ

Тақырыбы: Сөзжасам. Сөз тұлғасы.
Сөзжасам. Сөз тұлғасы. - Қазақ тілі, 6 сынып, 12 - сабақ

Білімділік: Оқушыларға сөзжасам және сөз тұлғасы туралы толық мәліметтер беру, түсіндіру.
Дамытушылық:тапқырлыққа, өз көзқарасын жүйелі де тиянақты баяндауға, мәлімдеуге, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақы іскер болуға төселдіру, ұлттық дәстүрлерге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілік: оқулық, сызба, семантикалық карта толтыру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
* сәлемдесу рәсімі;
* оқушыларды түгендеу;
*Зейіндерін сабаққа аудару.
І. Өткен тақырыптарды пысықтау сұрақтары:
*Диалектизм деген не? Мысалдар келтір.
*Көнерген сөздердің ерекшеліктерін және түрлерін атап, мысал келтір.
*Термин сөздердің ерекшеліктері мен қызметін еске түсіріңдер.
*Қандай термин сөздерді білесіңдер?
*Тұрақты тіркес дегеніміз не? Оның сөз тіркесінен айырмашылығы.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сөзжасам. Сөз тұлғасы.
Қысқаша түсінік:
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Ол бөлшектердің өзіне тән мағынасы, белгілі бір қызметі болады.
Мысалы: /тақтаға жазылады/ жолдастыққа-деген сөз төрт   бөлшектен тұрады:
жол-дас-тық-қа
  1. Жол     -«салған із» немесе «сапар» дегенді білдіреді.
  2. Жол+дас- «серік» деген мағынаны білдіреді;
  3. Жолдас+тық –адамдар арасындағы қатынасты білдіреді.
  4. Жолдастық+қа -  қа жалғауы сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланысу қызметін атқарып тұр.

IV.Оқулықпен жұмыс
66- жаттығу: Сөздерді оқып,олардың құрамын ажыратыңдар, ауызша талдаңдар.
Күзет+ші+лік- күзет түбірі, күзетші-кісі мағынасында, күзетші+лік –қызмет түрін білдіреді.
Адамшылық: адам түбірі, адам+шылық – қасиетті білдіріп түр
Сән+қой: сән түбірі, зат есім, сән-қой –кісі мағынасында.
Аспаз-ас түбірі, з.е. ас+паз –қызмет түрін білдіреді.
Бақташы-бақ түбірі, з.е.-бақ-та-жалғау, сөзді байланыстырады, бақта+шы-қызмет түрін білдіреді   /Оқушылар жаттығуды аяғына дейін орындайды/
V. Сабақты бекіту:
Семантикалық картамен жұмыс:

№.МысалдарТүбір сөзТуынды сөзҚос сөзБіріккен сөзҚысқарған сөзТіркескен сөз
1.Жаздыгүні


+

2.Су-су

+


3.Оқулық
+



4.Оқта-текте

+


5.Отыр+




6.Сулы
+



7.Ақ құба




+
8.Он екі




+
9.Шекара


+

10Бала-шаға

+


11.ҚарМУ



+
12Жаңбыр+




13АҚШ



+
14.Еңбеккүн


+

15Көре-көре

+


16.Орманды
+



17Қалалық
+



18Бала+




19Балалық
+



20ТМД



+

V. Үйге: 67 жаттығу: Жапырағы сарғайған ағашқа қарап, күз көрінісін бейнелеп жазыңдар. Мәтіндегі туынды сөздердің жасалу жолдарын түсндіріңдер.
68-жаттығу: Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
VІ. Бағалау

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: