Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Біріккен сөздер, емлесі - Қазақ тілі, 6 сынып, 15 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер, емлесі
Мақсаты:
Білімділік: Бірігу арқылы жасалған сөздер туралы жалпы түсінік беру. Мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылық: Мысалдармен дәлелдеу, талдау арқылы оқушының ой өрісін, іскерлік, танымдық белсенділіктерін, жүйелі сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Көрнекілік:оқулық, түсіндірме сөздік, таратпа карточкалар
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу рәсімі;
-Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеріп, белгілеу;
-Оқушылардың оқу құралдарын тексеріп шығу;
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (өткен тақырыптарға қысқаша шолу жасау)
Сұрақ –жауап әдісі:
77-жаттығу:Берілген күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Қарқаралы ауданының орталығында Құнанбай мешіті бар. Облыстық «Жас техниктер» көрмесінде Ақтөбе облысының оқушылары жүлделі орынға ие болды. Зар заман ақындары өз дәуірінде астан-кестен өмірді өте бейнелі суреттей білген. Ата-анаңның қадірін ержеткенде білерсің. Азық- түлік дүкені саға он екіге дейін жұмыс жасайды. Абай Құнанбаевтың отыз бесінші қара сөзінде жастарды адамгершілікке шақырады. Сарыөзекке жете бере түстеніп алдық. Мені досым қара торының әдемісі. Бүгін қаламыздың бірқатар аудандарында суық судың болмайтындығын хабарлады. Бұл қойылымға бірлі-жарым адам ғана келді. Біраздан соң сабаққа кіру қоңырауы соғылады. Ақынның өмірі бір сарынды өтуде. Еңбекақы алатын күн де жетті. Менің қызым демалыс күні шаңсорғышпен үйді тазалапотырады. Мен мектепті аяқтағаннан кейін АлМУ-не түскім келеді.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер, емлесі
Мұғалімнің қысқаша түсінігі:
Екі немесе одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады:
1)Құрамына енген түбір сөздердің тұлғалары сақталады: Түйеқұс, бұзаубас, қарақұрт, басмақала т.б.
2)Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл – бұл+жыл, жаздыгүні –жаздың+күні, түрегелді-тұра+келді т.б.
Тақтамен жұмыс: Топтастыру, ауызша мысалдар келтіру.
Біріккен сөздердің емлесі туралы:
1. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.
2. Біріккен сөздердің әрбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады.
3. Еш, бір, әр, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады: ешкім, ешбір, ешқандай, бірталай т.б.
4. Ал жеке тұрып зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда , бұл сөздер олардан бөлек жазылады. әр оқушы, бір мектепте, еш жерде, еш бала
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
78-жаттығу: Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.
Темірқазық – темір және қазық, аспан жұлдызының атауы, Сейсенбай – сейсен және бай, адамның аты, күркетауық –күрке және тауық, үй құстары, әлдебір-әлде және бір, белгісіздің болымсыздық мәніндегі атаулар, Қолғанат - қол және қанат, екінші сөздің басындағы қ дыбысы ғ-ға айналып отыр, Көкбозат-көк, боз және ат үш сөз бірігіп, аттың атын білдіреді, Сатыбалды- сатып – алды, бірінші сөздің аяғындағы п дыбысы, бға айналып отыр, кісі аты, Жанбота-жан және бота, соқыршек-соқыр және ішек, екінші сөздің басындағы і дыбысы түсіп қалып отыр, аурдуы аты, Омарханұлы-омар, хан, ұлы үш сөздің бірігуі, кісінің тегі, Сәтбайқызы- сәт, бай, қызы, Сейтірқұл, сейіт және құл, Айтқожа, кісі аты.
83-жаттығу: Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар:
Беташар-әдеп-ғұрыпқа байланысты туған жыр. Жас нәресте алғаш рет жолға шыққанда тоқымқағар рәсімін жасйды. Тоғызқұмалақ ойынын Абай атамыз өте жақсы көрген. Асатаяқ музыкалық аспап.
Теміржолшы-Менің атам теміржолшы болып жұмыс жасайды.
Жанкүйерлер өздерінің жақтаушыларын бір сәт естен шығармады.
Шаңсорғыш.Мен шаңсорғышпен үйді тазаладым.
Алыпсатар. Ұсақ-түйек заттарды алыпсатарлар арзанға сатып алып, көтьерме бағамен сатады.
Ү. Таратпа карточкамен жұмыс.
№1
Сыныбыңдағы, мектептегі есімдері біріккен сөздер болып келген балалардың атын жаз.
№2
Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер:
Құс аң өсімдік жер
Көкқұтан Ақбөкен алабота Жезқазған
№3
Төменде берілген сөздердің қандай сөздермен бірігіп жасалғанын айтыңдар.
Үлгі: Демалыс-дем-алыс;
Көкжиек, еңбекақы, Ұлтуған, Қайыпқожа, Әзімхан, жалақы, Жезқазған, Алшағыр, Бұланбай, әркім, ашудас.
ҮІ. Сабақты қорытындылау сұрақтары:
79-жаттығу: Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған сөздерді бір бөлек жазыңдар, қандай түбірден біріккенін көшіріп жазыңдар.
80-жаттығу: Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар аударыңдар.
84-жаттығу: сөздерді көшіріп жазып, қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгі бойынша дефиспен бөліп көрсетіңдер.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан, карточкамен жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймын

- Сөзжасам дегеніміз не?
- Сөз тұлғасына не жатады?
- Түбір, қосымша дегеніміз не?
- Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не?
- Дара және күрделі сөздер деп қандай сөздерді атайды?
- Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады? Мысалдар келтір.

- Біріккен сөздер дегініміз не?
- Біріккен сөздердің түрлерін ата? (түбірлері өзгеріске ұшырамай сақталып сол күйінде жазылады, дыбыстық өзгеріске ұшырап, өзгеріске түскен күйінде жазылады)
- Біріккен сөздерге қандай атаулар жатады?
- Біріккен сөздердің жазылу емлесі туралы не түсіндік.
79-жаттығу: Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске ұшыраған сөздерді бір бөлек жазыңдар, қандай түбірден біріккенін көшіріп жазыңдар.
80-жаттығу: Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар аударыңдар.
84-жаттығу: сөздерді көшіріп жазып, қандай түбірлерден бірігіп жасалғанын үлгі бойынша дефиспен бөліп көрсетіңдер.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан, карточкамен жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймын
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: