Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Түбір мен қосымша - Қазақ тілі, 6 сынып, 13 - сабақ
Тақырыбы: Түбір мен қосымша
Білімділік: Сөз түрлі бөлшектерден тұрып, өзіне тән белгілі бір мағына мен қызмет атқаратындағы жөнінде оқушыларға теориялық білім беру.
Дамытушылық: Жаттығу жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Туған жерін, тілін, салт – дәстүрін құрметтеп, адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайд
Сабақтың түрі: Ақпаратты технологияны қолдану барысындағы жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Жазбаша орындау, сұрақ – жауап
Сабақтың өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, кезекшілікті қадағалау, сыныпты түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
2. 67 – жаттығу . Жапырағы сарғайған ағашқа қарап, күз көрінісін бейнелеп жазып келу. Сөздерге қосылған қосымшалардың астын сызып, туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіру.
3. Жаңа сабақ: Түбір мен қосымша
Сабақты күз туралы тақырыппен байланыстыра отырып, оқушыларға мысалдар арқылы түсіндіру.
4. Оқулықпен жұмыс: /интерактивті тақтаға қаламмен жазхуға да болады/
69 – жаттығу . Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтінде қандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.Қосымшалардың түрін, жұрнақ па, жалғау ма ажыратыңдар.
Қарамен жазылған сөздер: бойы, жақсылық, қолынан, әкемнің құлаған шаңырағын, сыртқы елге, оқиғаға, түпкі төркінін, ағам, апамның, адамгершілік, қасиеттерінен, ақыл – парасаттарынан –қосымшаларының түрін ажыратыңдар.
70 – жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Ой, пайда, жаз, оқу, күз, өктем, сый, сықақ, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.
71 – жаттығу. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Әділеттілікті, шаруашылықтар, білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалданғандары.
5.Сабақты қорытындылау сұрақтары:
*Сөз дегеніміз не?
*Түбір дегеніміз не?
*Қосымша нешеге бөлінеді?
*Қазақ тілінде қанша жалғау бар? Жалғау көп пе, жұрнақ көп пе?
*Сөз тұлғасы дегеніміз не?
6. Үй жұмысы:
72-жаттығу Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
74 – жаттығу. Бес мақал-мәтел тауып жазып,ондағы түбірге қосылған қосымшаларды ажырат.
Пысықтауға арналған сұрақтарға дайындалып келу.
Бағалау.

- Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері – жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған –дас, - тық, - ын, - шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды.
- Қосымша екі түрге бөлінеді: жұрнақ және жалғау
- Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді және екі түрге бөлінеді:
- Сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар болып.
- Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақ дейді.
- Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады. Сөйтіп, жол, сау деген негізгі түбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер туынды түбірлер болып табылады. Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
4. Оқулықпен жұмыс: /интерактивті тақтаға қаламмен жазхуға да болады/
69 – жаттығу . Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтінде қандай елдік дәстүр көрініс тапқан? Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.Қосымшалардың түрін, жұрнақ па, жалғау ма ажыратыңдар.
Қарамен жазылған сөздер: бойы, жақсылық, қолынан, әкемнің құлаған шаңырағын, сыртқы елге, оқиғаға, түпкі төркінін, ағам, апамның, адамгершілік, қасиеттерінен, ақыл – парасаттарынан –қосымшаларының түрін ажыратыңдар.
70 – жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Ой, пайда, жаз, оқу, күз, өктем, сый, сықақ, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.
71 – жаттығу. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Әділеттілікті, шаруашылықтар, білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалданғандары.
- – жаттығу. Төмендегі сөздерді үлгіде көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.
Түбір сөздер: | Туынды сөздер | Жалғаулы сөздер |
кітап | тасымал | мектепте |
*Сөз дегеніміз не?
*Түбір дегеніміз не?
*Қосымша нешеге бөлінеді?
*Қазақ тілінде қанша жалғау бар? Жалғау көп пе, жұрнақ көп пе?
*Сөз тұлғасы дегеніміз не?
6. Үй жұмысы:
72-жаттығу Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
74 – жаттығу. Бес мақал-мәтел тауып жазып,ондағы түбірге қосылған қосымшаларды ажырат.
Пысықтауға арналған сұрақтарға дайындалып келу.
Бағалау.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар:
Басқа жаңалықтар: