Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Қысқарған сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 18 - сабақ
Сабақтың тақырыбы : Қысқарған сөздер
Мақсаты : Қысқарған сөздер туралы қысқаша мәліметтер беру. Қысқарған сөздерді меңгерту ,сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге үйрету .
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап әдісі бойынша
Көрнекілігі : оқулық, дидактикалық материалдар, таратпа карточкалар .
Күтілетін нәтиже :
І. Ұйымдастыру жұмысы: Оқушыларды түгендеу; Оқу құралдарын бақылау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша:
2 Қызығушылықты ояту : «Кубизм» стратегиясы бойынша /кубиктің қырына сай сұрақтар айтылады/
1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2- қырының тапсырмасы : Біріккен сөздер қалай жазылады?
3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?
4-қырының сұрағы: Біріккен сөздерге нелердің аттарын жатқызуға болады? Мысалдар келтір.
5- қырының сұрағы : Қысқарған сөз дегеніміз не?
1. Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .
Бір тоқтап , анда-манда есін жиып
Ақ бөкен сахараның ботагөзі
Атты екен қандай мерген көзін қиып .
Сәкен Сейфуллин
Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен қысқартылады:
Жаттығулар орындату: /тақтаға мысалдар жазылады/
102-жаттығу. Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесімен сөйлем құрап жаз:
Менің ауылдағы нағашы атамда ГАЗ-69 көлігі бар. ИЛ-62-мен Астана қаласына ұшып келдік. АҚШ-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстандық студенттер білім алуда. Колхозда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Қазіргі нарық заманында совхоздардың атаулары өзгертілген. Қазақстан БҰҰ-на мүше болып кірген. Мм –мен өлшеу бізге көп қиындық әкелмейді. Алыстағы атамның ауылы аудан орталығынан 150 км шақырымда орналасқан.Мен мектепті аяқтағаннан кейін пединститутқа оқуға түспекшімін.
Ү. Үйге тапсырма: Қысқарған сөздерді қатыстырып 5 сөйлем құрастыру;
ҮІ. Сабақты бекіту үшін тестік сұрақтар:
Д)Қара ала Е)Тісін қайрады
2. Дара сөзді көрсет.
А)Тізесін бүкті Б)Әкімшілік В)Бес жүз
Д)Отыз бестерге жуық Е)жақсы көру
3. Қысқарған сөзді табыңыз:
А)Көз шырымын алды Б)Әлек салды В)Кетіп бара жатыр
Д)Оқуды үздік оқыды Е)Педколледжді бітірді
4. Қайталама қос сөзді көрсет
А)балапандар Б)бала-шаға В)анда-санда
Д)бетпе-бет Е)сап-сары
5. Туынды сөзді табыңыз
А)Қарағанды Б)Жезқазған В)Астана
Д)Екібастұз Е)Қызылорда
6.Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз
А)ірілі-ұсақты Б)қысы-жазы В)үлкен-үлкен
Д)салдыр-гүлдір Е)ағайын-туыс
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап әдісі бойынша
Көрнекілігі : оқулық, дидактикалық материалдар, таратпа карточкалар .
Күтілетін нәтиже :
- Оқушы қысқарған сөздерді меңгереді;
- Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
І. Ұйымдастыру жұмысы: Оқушыларды түгендеу; Оқу құралдарын бақылау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша:
2 Қызығушылықты ояту : «Кубизм» стратегиясы бойынша /кубиктің қырына сай сұрақтар айтылады/
1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2- қырының тапсырмасы : Біріккен сөздер қалай жазылады?
3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?
4-қырының сұрағы: Біріккен сөздерге нелердің аттарын жатқызуға болады? Мысалдар келтір.
5- қырының сұрағы : Қысқарған сөз дегеніміз не?
- 6- қырының сұрағы : Қос сөздер нешеге бөлінеді?
1. Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .
- Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
- Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні ,ауыл-аймақ , ағайын- туыс.
- Бір мағыналары мағыналы , екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.
Бір тоқтап , анда-манда есін жиып
Ақ бөкен сахараның ботагөзі
Атты екен қандай мерген көзін қиып .
Сәкен Сейфуллин
- Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.
Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен қысқартылады:
- Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мыс: БҰҰ, ҚР ҰҒА- ҚР Ұлттық ғылым академиясы
- Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады: ҚазМИ , ҚарМУ, ҚарПТУ т.б. Қысқарған сөзге қосымша жалғайтын болсақ ол дефис арқылы жазылады.
- Күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосылатын қосымша дефиссіз жазылады. Мыс: педколледжге түсті, аткомге барды
- ГАЗ-51, ИЛ-86, АН-2 тәрізді техника түрлерінің маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болады. Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да қосымша дефис арқылы жазылады.
- Әр түрлі өлшемдердің атаулары метр, см, кг, т, тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жазылады.
Жаттығулар орындату: /тақтаға мысалдар жазылады/
102-жаттығу. Қысқарған сөздерге қосымша жалғап, сөз тіркесімен сөйлем құрап жаз:
Менің ауылдағы нағашы атамда ГАЗ-69 көлігі бар. ИЛ-62-мен Астана қаласына ұшып келдік. АҚШ-да «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстандық студенттер білім алуда. Колхозда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Қазіргі нарық заманында совхоздардың атаулары өзгертілген. Қазақстан БҰҰ-на мүше болып кірген. Мм –мен өлшеу бізге көп қиындық әкелмейді. Алыстағы атамның ауылы аудан орталығынан 150 км шақырымда орналасқан.Мен мектепті аяқтағаннан кейін пединститутқа оқуға түспекшімін.
Ү. Үйге тапсырма: Қысқарған сөздерді қатыстырып 5 сөйлем құрастыру;
ҮІ. Сабақты бекіту үшін тестік сұрақтар:
- Біріккен сөзді табыңыз.
Д)Қара ала Е)Тісін қайрады
2. Дара сөзді көрсет.
А)Тізесін бүкті Б)Әкімшілік В)Бес жүз
Д)Отыз бестерге жуық Е)жақсы көру
3. Қысқарған сөзді табыңыз:
А)Көз шырымын алды Б)Әлек салды В)Кетіп бара жатыр
Д)Оқуды үздік оқыды Е)Педколледжді бітірді
4. Қайталама қос сөзді көрсет
А)балапандар Б)бала-шаға В)анда-санда
Д)бетпе-бет Е)сап-сары
5. Туынды сөзді табыңыз
А)Қарағанды Б)Жезқазған В)Астана
Д)Екібастұз Е)Қызылорда
6.Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз
А)ірілі-ұсақты Б)қысы-жазы В)үлкен-үлкен
Д)салдыр-гүлдір Е)ағайын-туыс
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: