Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Есімдік. Жіктеу есімдігі. - Қазақ тілі, 6 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Есімдік. Жіктеу есімдігі.
1. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі. Сабақтың мақсаты: есімдіктің жасалу жолдарын меңгерту. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі: Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есімді) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер е с і м ді к т е р деп аталады. Мысалы: Омар мектепке бара жатыр еді. Жолшыбай олМұратқа жолықты. Олар бүгінгі эксурсия туралы әңгімелесіп кетті деген сөйлемдердегі ол сөзі Омар деген зат есімнің орнына қолданылса, олар сөзі Омар, Мұрат деген зат есімдердің орнына қолданылып тұр. Сөйтіп, есмідіктер есім сөздердің атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды. Есімдіктер мағынасы мен қызметіне қарай жеті топқа бөлінеді.
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, (сендер), сіз, (сі здер), ол (олар), біз (біздер) дегендер жатады. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және бекеше, көпше түрлері бар. Олар мыналар.
Жіктеу еесімдіктері зате сім орнына жұмсалады. Жіктеу есімдіктерінің І, ІІ жағы кім? деген сұраққа жауап берсе, ІІІ жағы Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Мен оқығанда, сен не істейсің? Ол – инженер. Олар – шекара сақшылары. Жіктеу есімдіктерінің тек ІІІ жақтағы ол, олар түрі ғана тәуелденеді. І, ІІ жағы тәуелденбейді. Ол, олар сөздерінің тәуелдену үлгісі
Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септеледі. Бірақ бұлардың жекеше (мен, сен, ол) түрлерін септегенде, ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде олардың соңғы н, л дыбыстары түсіп қалады да, көмектес септікте де і (ы) дәнекері пайда болады. Мен, сен, ол есімдіктерінің септету үлгісі
Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш та, анықтауыш та, толықтауыш та, баяндауыш та болады. Мысалы: мен оқушымын. Оны кинодан көрдім. Сен өзің қалай оқисың? Біз – бізбіз дегендердегі мен, сен – бастауыш, он – толықтауыш, бізбіз – баяндауыш. Жаттығуларды жазбаша орындау: 192- жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу. Сөйлемдегі есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айту. Үлгі: біз – сөйлеуші, айтушы адамдар дегеннің орнына, оның адамның деген сөздің орнына жұмсалып тұр. 193-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, жіктеу есімдіктерін табу. Сұрақ –жауап:
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. |
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: