Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Болымсыздық есімдігі - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Болымсыздық есімдігі. 
Болымсыздық есімдігі - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Отырыңдар. 
  1. Кезекшімен сөйлесу:
  • Сыныпта кім кезекші?
  • Бүгін сыныпта кім жоқ?
  • Оқушылар сабаққа дайын ба?
  • Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге: 95 бет, 197 –жаттығу. жаттығуларды орындау. Ереже қайталау.
1. Қайталау сұрақтары: 
  • 1.      Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 2.      Қандай түрлері бар?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Болымсыздық есімдігі.
Сабақтың мақсаты: болымсыздық есімдігін меңгерту.
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
           Болымсыздық есімдіктеріне мына сөздер жатады: дәнеңе, дәнеме, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір, ешқайсысы, ешқаша, ешқандай, ешқандай, ешқайдан.
           Болымсыздық есімдіктері, әдетте, болымсыздық мағынаны білдіреді.
Мысалы: Қу түлкі талай күн жортса да, аузына кесек ештеңе іліктіре алмапты. (Ертегіден) 
          Болымсыздық есімдіктерінің ішінен, ешқайсысы дегендер зат есім орнына, ешқандай, ешбір дегендер сын есім орнына, ешқашан, ещқайдан дегендер мезгілдік ұғымды білдіретін сеөздердің орнына қолданылады. 
          Болымсыздық есімдіктерінің көпшілігі еш сөзі есімдіктен басқа сөздермен тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенің жақсылығыңды еш уақытта ұмытпаспын.
Таратпа қағаздар тарату: 
  1. Сөйлемдерден болымсыздық есімдікті тауып, оның қандай сөздердің орнына қолданылып тұрғанын айту.
  2. Болымсыздық есімдігіне фонетикалық талдау жасау.
1 – қағаз. Сәден ешбір жұмысты ойламай, білмей, істемейтін.
2 – қағаз. Сөзін ешкім тыңдамаған Сарыбас аңырап тұрып қалды.
3 – қағаз. Ермек ешқайсысына жауап қайтарған жоқ.
4 – қағаз. Бұл мәселенің ешқандайына келісуге болмайды.
5 – қағаз. Ол ешкіммен сөйлеспейді, ешкімнің қасына бармайды.
6 – қағаз. Біз жеңеміз. Оған ешкімнің де күмәны болмасын.
7 – қағаз.  Әне, әлдеқайда ұшып бара жатқан қараша қаздардың даусы естіледі.
(Қалған оқушыларға келесі тапсырманы тақтаға шығып орындау ұсынылады.) 
  • Қарамен жазылған есімдіктердің мағынасын айқындап, оларды тұлғасына қарай талдаңдар.
1 – қағаз. Осының бәрін мен Нүркеден сұрағым, білгім келді.
2 – қағаз. Мен одан мәселені ашусыз шешуді өтінгім келді.
3 – қағаз. Қобалжу, жүрексіну – бәрімізде бар.
4 – қағаз. Көзімді ашып, айналама қарап едім, - ештеңе көрінбейді.
5 – қағаз. Бетімді әлдекім әлсін - әлсін желпіп отиырған сияқты, бір салқын жел тиеді.
6 – қағаз. Олардың түрінде ерліктің ешқандай белгісі жоқ, тек үрей ғана бар.
7 – қағаз. Ол үй ішінде өзінен өзге жан жоғын білді.
8 – қағаз. Гүлден ұшқан көбелектей көп бояулы, нешебір көріністер.
9 – қағаз. Ешкім де қыстаған жоқ, өзім келдім.
Үлгі: Ешкім – болымсыздық есімдігі, туынды, зат есім орнына қолданылып тұр, Атау септігінде тұрып, кім? деген сұраққа жауап береді.
Алгоритмдік деңгей тапсырмасы.
202-жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Есімдіктерді мағыналық түріне қарай ажыратыңдар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
Есімдіктер
ЖіктеуСілтеуСұрауӨздікЖалпылауБолымсыздық
Сен, олардыОны, осы, --Барлығы, бәрінЕштеңесін, ештеңе, ештеңесі, ештеңеге.
Бекіту сұрақтары:
  1. Қандай мағынаны білдіретін есімдіктің түрін болымсыздық есімдігі деп атаймыз?
  2. Болымсыздық есімдіктерінің түрлері қандай?
  3. Зат есімнің орнына қандай болымсыздық есімдіктері қолданылады?
  4. Үстеудің орнына қандай болымсыздық есімдіктері қолданылады?
  5. Сын     есімнің орнына қандай болымсыздық есімдіктері қолданылады?
  6. Қандай есімдіктер бірігіп жазылады?
  7. Қандай есімдік бөлек жазылады№
Үйге: 100 беттегі, 203-204 – жаттығуларды орындау. Болымсыздық есімдігі туралы қайталап оқу. 
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. 
Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: