Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Реттік сан есім - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Реттік сан есім.
Реттік сан есім - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Отырыңдар. 
  1. Кезекшімен сөйлесу әрекеті.
Үйге: 78 бет,162-163 – жаттығуларды орындау. Сан есім туралы түсінікті қайталап оқу.
Есептік сан есім нені білдіреді? Сұрақтары қандай? Мысал келтіріңдер.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: Реттік сан есімді меңгерту.
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
        Реттік сан есімдер заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер олар дауысты дыбысқа бітсе, -ншы, -нші, ал дауыссызға аяқталса, -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. 
Мысалы: бір+інші, тғыз+ыншы, екі+нші, алты+ншы, жүз отыз бес+інші, т.б.
 Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда сан есімдердің жазылуы мынадай болады:
  1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, - ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады. 
Мысалы: Ол 6 – қатардан орын алды.Біз 3 – қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-сыныпқа барасың. 
  1. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына цифр қойылмайды. Мысалы: шығарманың ІІ томы, т.б.
  2. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. 
Мысалы: 1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты, 1 қыркүйекте сабақ басталады. т.б.
 Тапсырманы орындау:
  • Есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен  жазыңдар.
Үлгі: бір – бірінші, ...
1, 3, 6, 7, 9, 18, 20, 25, 42, 34, 324, 60, 100, 590, 572, 1978.
  • 168-жаттығу. Реттік сан есімдерді қатыстырып берілген сұрақтарға жауап жазыңдар. 
    1. Нешінш жылы, қай айда тудың?
    2. Қай жылы бірінші сыныпқа оқуға бардың?
    3. Ата – анаңның нешінші перзентісің?
    4. Қазір нешінші сыныпта оқып жүрсің?
    5. Сыныпта нешінші қатарда, қай орында отырасың?
    6. Қандай жарыстарға қатыстың?
    7. Нешінші орынға ие болдың?
    8. Қандай мамандықты жақсы көресің?
Сұрақ –жауап:
  1. Біз бүгін сабақта нені білдік? 
  2. Реттік сан есім дегеніміз қандай сан есім екен?
Үйге: 79-бет, 164-165-жаттығуларын орындау. Реттік сан есім туралы қайталау.
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: