Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңі - Қазақ тілі, 7 сынып
С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін оқытудағы шығармашылық ізденістер
Сабақтың тақырыбы: | С.Торайғыров «Шәкірт ойы» |
Сабақтың мақсаты: | А) Білімдік мәні: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу, өз ой-пікірін айтқызу. Ә) Тәрбиелік мәні: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Б) Дамытушылық мәні: Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу. |
Сабақтың типі: | Практикалық сабақ. |
Сабақтың әдісі: | Топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі». |
Сабақтың көрнекілігі: | Сызба , кесте, плакаттар, С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдер жинағы. 1-2-том |
Сабақтың барысы: | І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күнге сәттілік тілейміз. Сабақтың қызықты, мазмұнды өтуіне тілектестігімізді білдіреміз. Сыныптың тазалығына, тақтаның дайындығына көңіл бөліп, сыныпты 4 топқа бөлемін. ІІ. Негізгі бөлім. А) Үй тапсырмасын тексеру. 1.С.Торайғыровтың өміріне қысқаша шолу. (сұрақ-жауап әдісі арқылы). 4 топтың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды. Өмірін оқи отырып, өзіңе С.Торайғыровтың қандай қасиетін үлгі тұттың?- деген сұрақпен қорытындылаймын .
1. Қызығушылықты ояту . Балалар біз мектепте оқимыз. Мектеп- біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, алғашқы ұстазымызбен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы мектеп сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші. |
Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» немесе «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем, «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,- деп ойлайды. Шәкірт «ата –анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды. Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?
Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға , еліңе,Отаныңа , отбасыңа, ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде , қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 5 минут уақыт беріледі. Тақтаға кесте ілінеді. Балалар берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )
| ||||||||||
Енді сен өзіңді жазушымын деп есепте. Сенің жазғаның – жазушының әңгімесі. Тақтаға орындық қойып, жазушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушы дәптердегі өз ойын оқып береді. Сенің ойыңды білдік. Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып ,талдау арқылы ұғынамыз. Өлеңді оқуға 10 минут беріледі. («Шәкірт ойы» бөлімін толтырады ) | ||||||||||
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам. Қараңғылықтың кегіне , Күн болмағанда, кім болам? Мұздаған елдің жүрегін, Жылытуға мен кірермін. | ||||||||||
Өлеңді талқылау үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі:
| ||||||||||
Өлеңді оқып, талдап болған соң, дәптерге шәкірт Сұлтанмахмұттың ойын жазады. Әр топтан бір оқушы өлеңді оқу барысында түсінгенін, өлеңнің мәні қандай екенін айтады. Дәптерге өлеңнің бір шумағын жазып, өлең құрылысына қарай талдаймыз. Әр топ бір шумақтан алады. | ||||||||||
Қараңғы қазақ / көгіне, 8 а Өрмелеп шығып, / күн болам. 8 б Қараңғылықтың / кегіне , 8 а Күн болмағанда, / кім болам? 8 б Мұздаған елдің / жүрегін, 8 в Жылытуға мен / кірермін. 8 в | ||||||||||
3 шумақты, 6 тармақты, 2 бунақты , 8 буынды еркін ұйқасқа құрылған өлең. | ||||||||||
3.Ой-толғаныс Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.
| ||||||||||
ІІІ. Қорытынды бөлім. Топ ішінен белсеніп шығып, жауап берген оқушыларды бағалаймын. Үйге «Шәкірт ойы » өлеңін жаттау. Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу. |
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: