Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

«Біржан сал шығармашылығы» - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақ  тақырыбы: «Біржан сал шығармашылығы»
«Біржан сал шығармашылығы» - Қазақ тілі, 9 сынып

Мақсаты: көркем мәтінді өз бетімен талдату және сол арқылы ақынның шығармашылығымен таныстыру
Түрі : практикалық сабақ

Әдіс – тәсілдері : 1.көркем мәтінмен жұмыс
                              2. сұрақ-жауап
                              3. проблемалық тапсырмалар
Технология:    СТО бағдарламасы
Сабақ барысы:
І. Психологиялық кезең.
ІІ. Қызығушылығын ояту сатысы.
1. Топқа бөлу.
Ақын, сазгер, әнші, шешен, айтыскер, өнерпаз  - осы сөздерді таңдап 6 топ құрылады.
2. Ой қозгау стратегиясы.
Сұрақ : Қалай ойлайсыз, неліктен осы сөздерді топқа бөліну барысында басшылыққа алдық? Қай тақырыппен байланысты? Әдебиет сабағына қаншалықты қатысы бар?
Сұрақ : Сал-серілер деген кімдер? Нені білдіреді?
ІІІ. Жаңа тақырып.
1.Ой қозғау стратегиясы
Тапсырма : Біржан туралы не білеміз? тізіп жазу
 Тапсырма   төмендегі жүйеде орындалады:
Жеке
Жұпта
Топта 
Әр топ ойларын жинақтап ортаға шығарады.
2. Топтастыру стратегиясы. Кластер құру. Оқушылардың топпен жазғандарын категорияға бөлу және  формалау.
ІҮ. Мағынаны тани білу сатысы.
1.Мәтінмен жұмыс . Әр топқа Біржанның өлеңдері таратылады және мәтінді түсініп оқу тапсырылады.
Жеке
Жұпта
Топта
Әр топтан бір оқушы ортада мәнерлеп оқып көрсетеді.
2. Тапсырма. Өлеңді талдау топта және төмендегі кестені толтыру:

тақырыбыМаңызы,мәніЛирикалық кейіпкерге сипаттамаерекшелігіАқын позициясы






3.Топтастыру стратегиясы.
«Біржан өмірі» атты кластерге оралу және оны Біржан шығармаларының тақырыбымен толықтыру.
Ү. Ой толғаныс сатысы.
1. Еркін жазу  стратегиясы.
 Тапсырма : шағын ой толғау жазу.
- Сіздің ойыңызша, Біржан сал шығармашылығында көтерілген тақырыптардың қайсы біздің қоғамда өзекті және Сіз соны шешу үшін қандай іс-әрекет жасап жүрсіз?
ҮІ. Қорытындылау.
Нені  білдім?
Нені танып, оқыдым?
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: