Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Майлықожа өмірі мен шығармашылығы - Қазақ тілі, 10 сынып

Тақырыбы: Майлықожа өмірі мен шығармашылығы
Майлықожа өмірі мен шығармашылығы - Қазақ тілі, 10 сынып

Мақсаты:    білімділік – окушаларға XIX  ғасырдың   I жартысындағы адамгершілік 
туын көтерген ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі,   шығармашылығының маңызы жайлы түсінік беру, көркемдік ерекшелігін талдай білуге үйрету; тәрбиелік -адамгершілік, еңбек, кәсіп жайлы ой  талғам жасай білу, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу; дамытушылық -сұрақ, тапсырма ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге  дағдылану;өз пікірін сенімді әрі дәледі, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.

Сабақ түрі: жаңа білім беру, топтық жұмыс, жарыс сабақ.
Әдісі:            түсіндіру, сұрақ жауап, зерттеу
Көрнекілік:интерактивті тақта, сызбалар, бүктемелер, оқушылар       
шығармашылығы.
Пәнаралық 
байланыс:  тарих, музыка
Сабақ 
жоспары:   I.Ұйымдастыру кезеңі
II«Қызығушылықты ояту» кезеңі. Өткен сабақты еске түсіру. Үй тапсырмасы.
III. «Мағынаны тану».   Жаңа сабақ.
Мұғалім түсіндірмесі. Майлықожа Сұлтанқожаұлының Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Мұсылманша сауатты болған, жетімдік тақсіретін ерте тартқан, өлең айтып, елге ерте танылған жігерлі жас. Шығыс әдебиетінен ( Фирдоуси, Низами, Науаи) үлгі алған.1883 жылы баспадан «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» толғаулары шықты. Толғауының тақырыбы: адамгершілік, еңбек, кәсіп,табиғат, әділдік. 1898 жылы қайтыс болды.Жаңашыл. Поэзияны жаңа сатыға көтереді. Айтыскер. Өлең құрылысында ассонанс, эпитет, теңеулер кездеседі.  
IV. «Өзіңді- өзің сынап көр». Шығармашылық жұмыс.
V. Тапсырмаларды орындау.
Р\сМайлықожа өлеңдеріӨлеңдерінің мазмұны, тақырыбы
1.«Ұрлықтықтың түбі- қорлық- ты»Өтірік айтпайға, адал болуға шақырады.
2.... ... ...Ұлың-ырысың, қызың- өрісің деген түйін жасайды.
3.... «Жастарды тәрбие қып сыйлау керек»... ... ...
4.... ... ...Ананың мейірімін, ұлылығын паш етеді.
5.«Талапты туған ер жігіт 
Әр жұмысқа бекінер...»
... ... ... 
6.... ... ...Оқығаны да, өмірден тоқығаны да мол, ел үшін еңбектенетін ізгі жандарды дәріптейді.

Тапсырма 
Жоғарыда берілген тапсырманы орындардың алдында Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларымен  толық танысыңдар.
Кестеде ақын өлеңдерінің бірде тақырыбы көрсетілсе, енді бірде тек өлең идеясы ғана берілген. Өлеңдерді талдай отырып, кестені толтырыңдар.
VI. Оқулықпен жұмыс, мәнерлеп оқу
VII. Сабақты қортындылау.
Оқушылардың сабақтан алған әсері жайлы пікірлерін тыңдау.
VIII. Үйге тапсырма. Өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып зертеу, бір өлеңін жаттау, эпитеттерді теріп жазып келу.
IX. Бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: