Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ана тілі

Ана тілі пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ана тілі

№2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық
Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс
    сөздік жұмыс жүргізу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу
Ү. Қорыту:Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.

№3.    Тақырыбы: Малды пайдаға жарату
Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2.  Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі:  түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!»  өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.
ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың  бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса, 
Тіреу болар бұл оқу» толығырақ  түсуіне көмегін тигізеді.
ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.
Ү. Дәптермен жұмыс
Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?
Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасыҮйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты



ҮІ. Қорыту
Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту.  Бағалау.

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: