Сабақ жоспарлары / Физика

Кеплер заңдары - Физика, 9 сынып, 39 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кеплер заңдары
Кеплер заңдары - Физика, 9 сынып, 39 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиобайланыстарды пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.   
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиобайланыс толқындармен танысамыз.
  1. Электромагниттік өріс дегеніміз не?
  2. Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?
  3. Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Кеплер заңдары
  • Кеплердің екінші (аудандар заңы) және үшінші заңдары
Планеталар қозғалысының заңдарын ашуда еңбек сіңірген көрнекті неміс ғалымы - Иоганн Кеплер (1571-1630). XVII ғасырдың бас кезінде Кеплер Марстың Күнді айналуын зерттеу үстінде планеталар қозғалысының үш заңын ашты.

Кеплердің бірінші заңы. Әр планета Күнді эллипс бойымен айналып шығады да, оның бір фокусында Күн тұрады (сурет).
Эллипс деген  жазық түйық қисықтың мынадай қасиеті бар: фокустары  деп аталатын екі нүктеден оның әр нүктесінің қашықтықтарының қосындысы тұрақты. Осы қашықтықтардың қосындысы эллипстің DА үлкен осінің ұзындығына тең. O нүктеcі - эллипстің центрі, К мен S - фокустар, Күн бұл жағдайда S фокусында. DО=ОА=а эллипстің үлкен жарты өсі а үлкен жарты ось планетаның, Күннен орташа қашықтығы болып табылады.

Орбитаның Күнге ең жақын нүктесі перигелий деп, ал одан ең қашық нүктесі Daфелий деп аталады.

Эллипстің сопақтығы оның эксцентриситетімен сипатталады. Эксцентриситет фокустан центрге дейінгі ара қашықтықтың (ОК=0S) үлкен жарты ось а-ның ұзындығының қатынасына тең, яғни  . Фокустар мен центр беттескенде (е = 0) эллипс шеңберге айналады.

Планеталардың орбиталары - шеңберден айырмашылығы аз эллипстер, олардың эксцентриситтері кішкене. Мысалы, Жер орбитасының эксцентриситеті е = 0,017.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§37 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §45 дайындық сұрақтары.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: