Сабақ жоспарлары / Физика

Жылулық сәулелену. Абсалют қара дене. - Физика, 9 сынып, 43 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жылулық сәулелену. Абсалют қара дене. Стефан-Больцман заңы. Денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудің қиыншылықтары.
Жылулық сәулелену. Абсалют қара дене. - Физика, 9 сынып, 43 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жылулық сәулелену. Абсалют қара дене  ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бақылау жұмысын сараптау.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
  1. Атом физикасының даму тарихына шолу.
  2. Жылулық сәулелену-қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия тартуы.
  3. Абсалют қара дене-өзіне келген әр түрлі жиілктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын дене.
  4. Стефан-Больцман заңы-абсалют қара дененің сәуле шығару заңы.
  5. Дененің сәуле шығару қабілеті, оның өлшем бірлігі.
  6. Физикадағы ультракүлгін апаты.
    1. Күн бетінің температурасын анықтау.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§47, 48 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
37-жаттығу № 1.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §47, 48, дайындық сұрақтары.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: