Биология

Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы

Тірек – қимыл аппараты және қаңқа бөлімдері туралы біледі...
Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы

Сабақтың тақырыбы: Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Тірек - қимыл аппараты және қаңқа бөлімдері туралы маңызын, міндетін түсіндіру.
Бағалау критерийлері Өзін - өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Тірек – қимыл аппараты және қаңқа бөлімдері туралы біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Тұлға қаңқасы және бассүйек бөлімдерін ажырата алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Алған білімдерін іс жүзінде қолданады және өз беттерінше жұмыс жасайды.
Сабақтың басы: Психологиялық ахуал туғызамын. 
Оқушыларды топқа бөлемін. Үй тапсырмасын еске түсіремін. 
І топ: Бассүйек
ІІ топ: Аяқ-қол қаңқасы
ІІІ топ: Кеуде қаңқасы
1-тапсырма:Миға шабуыл:
Сезім мүшелері: тіл, көз, мұрын,құлақ,тері
Анализаторлардың көмегімен: температураны,иісті, дыбысты, дәмді ажыратады
Сезімтал жүйкелер: тітіркенуді қабылдайды
2 - тапсырма: Биологиялық диктант Топтық жұмыс
1. Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз, иіс сезу мүшесі - мұрын, сипап сезу мүшесі - тері, есту мүшесі - құлақ, дәм сезү мүшесі – тіл.
2. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды.
3. Анализатордың бөліктері - шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады
4. Ортаңғы құлақтағы бір бірімен буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері; төс, балғашық, үзеңгі.
5. Затты ұстап, саусақпен сипағанда тері рецепторларындағы қозу миға беріледі.
3 - тапсырма: Сызықтық диктант:
1. Сколиоз – омыртқа жотасының бір бүйіріне қисаюы. « +»
2. Мойын омыртқаның саны – 8 «-»
3. Буын құздама ауруынан зақымданады. « +»
4. Қаңқаның дамуына А дәрумені әсер етеді. « -»
5. Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады. « +»
6. Жамбас сүйектері қозғалмалы байланысқан. « -»
7. Ұзын сүйектер жілік деп аталады. « +
Кері байланыс.
4 - тапсырма: Жеке жұмыс.
Берілген конверт ішіндегі ағылшын сөздерін дұрыс ретімен жазу және қазақшаға аудару.
Барлық оқушылар қызыға орындады.
Бағалау: Жұптар бірін - бірі бағалайды.
Кері байланыс
Сергіту жаттығулары
 Ұзын сүйектер – сол қолды көтеру
 Қысқа сүйектер – оң қолды көтеру
 Жалпақ сүйектер - денені бұру
5 - тапсырма: Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын анықтау.
Мақсаты:
Оқушыны өздігінен оқып, ой өрісін тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға және де алған білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге үйрету
Құрал - жабдықтар: Адам муляж, скелет
Жұмыс барысы.

​Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: