Физика

Физика табиғат туралы ғылым

7. 1. 1. 1 - Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру...
Физика табиғат туралы ғылым

Сабақтың тақырыбы:



Физика - табиғат туралы ғылым



Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



7. 1. 1. 1 - Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру



Сабақтың мақсаты



Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре отырып, құбылыстарды ажырата алады. Физиканың негізгі мақсатын түсінеді.
Барлық оқушылар: табиғат құбылыстарына мысалдар келтіре алады, физикалық құбылыс пен химиялық құбылыстарды ажырата біледі.
Басым бөлігі: Табиғаттағы үрдістерге бақылау жасап оны салыстыра алады.
Кейбір оқушылар: Ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіре алады.



 Бағалау критерийі



Білу: Физиканың негізгі мақсатын біледі
Түсіну: физикалық құбылыстарға мысал келтіре алады.
Қолдану: табиғат құбылыстарын зерттеуде физика заңдарын пайдалана алады.
Жинақтау: физиканың негізгі мақсатын біледі, физикалық құбылыстарды ажырата алады.



Тілдік мақсаттар



Пәндік терминдер бойынша сөздік: 


Қазақша



Орысша



Ағылшынша



Табиғат құбылыстары



Явление природы



Natural phenomena



Физикалық құбылыс



Физические
явление



Physical
apparitions





Құндылықтарға баулу



 2. Бірлік, бейбітшілік пен келісім
4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.



Пәнаралық байланыс



Жаратылыстану, әдебиет



Алдыңғы білім



Жан - жануарлар мен өсiмдiктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар. Табиғат және табиғат құбылыстары, ғылым жетістіктері

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



 Ресурстар



Сабақтың басы
5 минут



Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу
Ынтымақтастықты қалыптастыру: Шаттық шеңбері(Оқушылар шеңберге тұрып бір - біріне жақсы тілектер тілейді).
Сыныпты жыл мезгілдеріне байланысты 3топқа бөлу (қыс, көктем, жаз)



қағаздар



3 минут



«Миға шабуыл»
1. Табиғат туралы қандай мақал - мәтелдер бар?
2. Табиғат жайлы белгілі ғылымды ата?
3. Табиғат жайлы білімді неліктен әрбір адам білуі тиіс?
ҚБ: «Жетон» беріледі.








Сабақтың ортасы
30 минут





Білу
(жеке жұмыс)



«Ой қозғау»
1. Визуальді көру арқылы есте сақтау мақсатында электронды оқулықтан бейнеролик көрсетіледі.
« Физика – табиғат туралы ғылым, физикалық құбылыстар»
«Ой толғау»
Табиғат құбылыстары деп нені айтады?
Физикалық құбылыстарға мысалдар келтір.
Физикалық дене дегенді қалай түсінесің? Физиканың негізгі мақсаты не?
ҚБ: Мадақтау



Түсіну
Жұптық жұмыс



Дәптерге кесте сызып, әр бағанға сәйкес келетін сөздерді жаз: болат, шеге, жел, үстел, кемпірқосақ, шыны, магнит, найзағай, ағаш.№1 тапсырма А - деңгей


Құбылыс



Дене



Зат



































Қолдану
жұптық жұмыс



Құбылыстарды түрлеріне қарай топтарға бөліп, кестеге толтыр. Құстың сайрауы, шамның жануы, доптың домалауы, судың қайнауы, жаңғырық бұлттар қозғалысы, бөрененің қалқуы, таң атуы, күн күркіреуінінің естілуі, қорғасының балқуы №2 тапсырма В - деңгей


Физикалық құбылыстар түрі



Мысалдар



Механикалық 








Жарық








Дыбыстық 








Электрлік








Жылулық 








ҚБ: кесте бойынша бағалау





Сергіту сәті:



«Шешілмейтін түйін»



Талдау топтық жұмыс



№3 тапсырма С - деңгей
Сөйлемді аяқта, талда, ойыңды жеткіз:
1)«ЭКСПО - 2017»-
2) Көрме тақырыбы:
3) Жасыл энергия –



 Жұптық жұмыс



Мақал - мәтелдерде қандай құбылыстар туралы айтылған:
1. Су тама берсе, тасты да теседі.
2. Көсеу оттан қорықпайды.
3. Алып емен бармақтай дәннен өседі.

ҚБ: кесте бойынша топтардың бірін - бірі бағалауы
Бағалау парағы


Тапсырмалар



1топ



2топ



3топ 








№1 тапсырма А























№2 тапсырма В























№3тапсырмаС























Дескриптор:



Физикалық құбылыстар түрлерін ажырата алады



Физикалық құбылыстарға мысал келтіреді



Физикалық дене мен затты ажырата алады





Электрондық оқулық
Оқулық мәтіні, оқулық суреттері,
Таратпа
материалдар
АКТ
Таратпа
материалдар



Сабақтың соңы
7 минут



Үйге тапсырма: Қосымша әдебиеттерді немесе ғаламтор желісін пайдаланып, табиғаттағы зерттеумен айналысатын ғылымдардың бірі жайлы қажет ақпаратты жинақта. Оның жетістіктерін адам қалай пайдалатынын айтып бер?
Кері байланыс: «Табиғат» құбылыстарына байланысты терминдерді атау
Егер тақырыпты толық игерсең табиғатты толық боя, жартылай болса табиғаттың жартысын боя, нашар игерсең бояма. Өз жұмысыңа талдау жаса.
Болашақта үлкен үлкен жетістіктерге жету үшін үйде нені қайталау керек.
«БББ» кестесін толтыру
Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек



Табиғат суреті 



Саралау



Бағалау
Сабақтың барлық кезеңдерінде қалыптастырушы бағалаулар жүргізіліп отырады.



Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылардың жеке қабілетіне қарай саралап тапсырмалар беру.



1. Шапалақ (мадақтау)
2. Жетон
3. Басбармақ
4. Өзін - өзі, бірін – бірі бағалайды.



Сабақ жоспарын әзірлеу үшін жаратылыстану және казақ тілі пән мұғалімінің кеңесі қажет болды.
АКТ - мен жұмыс жасау.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану,
оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмейді
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: