Сабақ жоспарлары / Физика

Күннің және Айдың тұтылуы. - Физика, 8 сынып, 59 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күннің және Айдың тұтылуы.
Күннің және Айдың тұтылуы. - Физика, 8 сынып, 59 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: жарықтың таралу ерекшеліктерін айқындау, Күннің және Айдың тұтылуын қарастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 
Жарық дегеніміз не?
Жарық жылдамдығы жайында не білеміз?
Күн сәулелерінің қандай бөлігі жерге түседі?
Жердегі тіршіліктің дамуында Күннің ролі қандай?
Қандай денелер жарық көздері бола алады?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Нүктелік жарық көзі терминімен не түсіндірілетін айтамын.
Кез келген жарық көзінің өлшемдері болады. Егер бұл өлшемдер жарық көзінен бақылаушыға дейінгі ара қашықтықпен салыстырғанда өте аз болса, онда жарық көзінің өлшемдерін елемеуге болады. Бұндай көзді нүктелік жарық көзі деп атайды. Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін көлеңке деп атайды. Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қараңғы  емес екі аймақ –алакөлеңкелер пайда болады.
2. Жарықтың таралу заңы туралы.
Егер көз бен жарық көзінің арасына мөлдір емес экран орналастырса, онда жарық көзі көрінбейтін болады. Бұл біртекті ортада жарық түзу сызық бойымен түзу сызықты тарайтынымен түсіндіріледі. Жарықтың таралу заңы дегеніміз осы.
3. Жарық шоқтарының кеңістікте таралуы.
Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады. Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.Жарық шоқтарына мысал кино көрсететін киноаппарат проекторынан түсетін сәуле.
4. Күннің тұтылуының пайда болуын түсіндіру.
Егер Ай өзінің Жер айналасындағы Жер мен Күннің арасына келіп қалса (ал бұл тек жаңа ай туғанда болады), ОНДА ОЛ ӨЗІМЕН Күнді жауып қалуы мүмкін, яғни Күн тұтылады. Ай Жерге көлеңке мен алакөлеңке түсіреді. Жердің ай көлеңкесі түскен нүктелерінде Күн толық тұтылады, жер бетінің алакөлеңке аймағындағы нүктелерінде сол тұтылу жартылай болады. Толық тұтылу көбінесе 2-3 минутқа созылады және ұзақтығы 8 минуттан аспайды. Ол Жерде бір жарым жылда бір рет болады, бірақ Жердің бір орнында болуы өте сирек 200-300 жылда бір рет болады.
Ай тұтылуының пайда болуын түсіндіру.
Ай Жердің көлеңке аймағына енгенде, ай тұтылуы басталады. Ай тұтылуы тек Айдың толған кезінде, яғни Ай аспанның Күнге қарсы нүктесі маңайында болған кезінде байқалады. Бұл уақытта Ай Жерге өзінің барлық  жарықталған жартышарымен қарайды.Ай батыстан шығысқа қарай қозғалатындықтан, Жер көлеңкесіне бірінші болып Айдың шығыс шеті кіреді. Оның бетінде біртіндеп үлкейетін кішкене «кетік» пайда болады. Ай орақ пішінін қабылдайды. Егер толық Ай өзінің Жер айналасындағы қозғалысында толығымен жердің көлеңкесіне енсе, онда айдың толық тұтылуы болады. Егер ол көлеңке шетін жанап өтсе, онда тұтылу жартылай болады.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
  1. Жарықтың таралу заңы дегеніміз не?
  2. Жарық шоқтары дегеніміз не?
  3. Көлеңке мен алакөлеңке туралы не білесің?
  4. Күннің тұтылуы? Айдың тұтылуы?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер жинағынан №758 есеп 
Күннің басқа мезгілдеріне қарағанда талтүсте көлеңке неліктен кіші болады?
№759-766 аралығындағы жаттығуларды сыныпта орындаймыз.

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: Оқулықтын §63 оқуға Есептер жинағынан №775-776 жаттығуларды шешу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: