Сабақ жоспарлары / Физика

Алып планеталар - Физика, 11 сынып, 80 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Алып планеталар.
Алып планеталар - Физика, 11 сынып, 80 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Алып планеталармен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 
Сабақтың барысы:
І.ДК.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А)теориялық білімдерін тексеру. Ә)практикалық тапсырмаларын тексеру. Б)есептерін тексеру. 
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Алып планеталармен танысамыз. 
  1. Шолпанда жыл маусымдарының ауысуы бар ма?
  2. Неге адамдардың бірінші экспедициясы Марсқа баруы керек?
  3. Неге Жер бетінде метериттер соққыларының ізін табуға болмайды?
  4. Плутон мен Харонды «қос планета» деп атауға бола ма?
  5. Меркурийде айқайды естуге бола ма?
  6. Марс  аспанынан Күн қалай көрінеді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: АЛЫП ҒАЛАМШАРЛАР
Алып планеталардың ерекшеліктері. Төрт алып планетаның бәрінен жақсы зерттелгені  Юпитер. Бұл әлгі топтағылардың ең үлкені, бізге және Күнге ең жақыны. Юпитердің айналу өсі оның орбита жазықтығына перпендикуляр дерліктей, сондықтан онда жарықталынудың маусымдық өзгеру шарттары болмайды.
Алып планеталардың бәрінің де өсінен айналуы едәуір шапшаң, ал тығыздығы аз. Осының салдарынан олардың сығылуы әжептәуір.
Барлық алып планеталар ұланасыр қалың атмосферамен қоршалған, бірақ біз тек олардың ішінде экваторына параллель болып созылып жатқан жолақ-жолақ бұлттарды көреміз, бұл олардың тез айналуынан болады.
Юпитердегі бұлттардың жолақтары тіпті нашар телескоппен де көрінеді. Юпитер белдеулене айналады полюстеріне жақындаған сайын ақырындай түседі. Экваторда оның айналу периоды 9 сағ 50 мин, ал орта ендіктерде бірнеше минутқа артық. Басқа алып планеталар да осы тәрізді айналады.
Алып планеталар Күннен алыс болғандықтан, олардың температурасы (кем дегенде бұлттарының үстіндегісі) өте төмен: Юпитерде - 145°С, Сатурнда - 180°С, Уран мен Нептунда одан да төмен.
Алып планеталардың атмосфералары негізінен молекулалық сутегінен тұрады, онда тағы метан СН4 бар және гелий көп болуы ықтимал, ал Юпитер мен Сатурнның атмосферасында және аммиак 3 бары анғарылады. Алыстағы планеталардың спектрінде 3 жолағы жоқ болуының мәнісі - аммиак онда қатып қалған. Аммиак төмен температурада конденсацияланады, Юпитерде көрінетін бұлттар бәлки содан тұратын шығар.
Атмосфераның бұлт және онымен іргелес жатқан қабаттарын қамтитын интенсивті (күшті) қозғалыстар орнықты сипатта болады. Мәселен, Юпитерде 300 жылдан артық бақыланатын атақты Қызыл дақ осындай орнықты атмосфералық «құйын» болып табылады.
Түрліше планеталардың атмосфераларында өтіп жатқан процестерді зерттеу жердің метеорологиясы мен климатологиясына септігін тигізеді.
Ауыр планеталардың сутегі мен гелийден теориялық моделдері жасалған. Юпитердің ішкі құрылысының моделі бойынша есептеулер көрсеткендей, оның центріне жакындаған сайын сутегі бірте-бірте газ түріндегі, газ - сұйық түріндегі және сұйық фазаларын өтуі тиіс. Планетаның температура бірнеше мыңдаған кельвинге жететін центрінде сұйық ядро болады, ол металдардан, силикаттардан және 1011 Па шамалас қысым кезінде пайда болатын сутегінің металдық фазасынан тұрады. Сутегінің металдық фазасы Жер бетіндегі тәжірибеде 1975 жылы алынды, сөйтіп бұл алып планеталардың ішкі құрылысының теориялық есептеулерге сай келетіндігін дәлелдеді.
Магнит өрісінің болуы арқасында Юпитердің де Жердікі тәрізді радиациялық белдеулері бар, олар бірақ жердікінен әлдеқайда зор. Онық магнитосферасы миллиондаған километрлерге созылады да, ең үлкен төрт серігін қамти өтеді. Юпитер радиосәулелердің көзі болып табылады. Космос аппараттары онда қуатты найзағай жарқылдарын тіркеді.
Планеталар су жөніндегі өзге деректер ішінде назар аударарлық бір факт: Уранның өз өсінен айналу бағыты Шолпандікі тәрізді өзге планеталардың айналу бағытына қарама-қарсы. Сонымен қатар ол бүйірінен жатып айналатын сияқты, осының салдарынан жыл ішінде планета бетінің жарықтану шарттары қатты өзгереді.
Ең шалғай планета - Плутон алып планетаға жатпайды. Бұл кішкене келген, әрі нашар зерттелген салқын планета, оның жылы 250 жер жылы шамалас.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§11.3.   дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Жер тобындағы планеталардан алып планеталардың айырмашылығы неде?
  2. Алып планеталар атмосфераларында күшті дауылды желдердің болу себептері неде?
  3. Уран планетасы неге көгілдір жасыл түсті?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер   шығару. 11.3.1-11.3.2.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §11.3 Есептер   шығару. 11.3.3.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: