Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Мәтінге басқа тілден енген сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 6 - сабақ

Тақырыбы: Мәтінге басқа тілден енген сөздер.
Мәтінге басқа тілден енген сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 6 - сабақ

Білімділік:  Оқушыларға мәтін туралы түсініктерін қайталата отырып, білімдерін әрі қарай тереңдету. Сөз мағынасы, оның түрлеру туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Тіл байлықтарын жетілдіруге байланысты жұмыстар жүргізу.
Тәрбиелік: Тілді құрметтей білуге, адамгершілік құндылықтарға, ұлтжандылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар мәтіндегі басқа тілден енген сөздерді бірден ажырата алады.
Сабақтың түрі. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, жаттығулар орындату, ойын түрлері
Көрнекілік: оқулық, сөзжұмбақ, түсіндірме сөздік
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметін тыңдау.
  • Оқу құралдарын ретке келтіру.
  • Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
  1. Түсіндірме сөздікті пайдаланып,  бес көп мағыналы, бес омоним сөз теріп жазыңдар.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады:
Мысалы: 
13-жаттығу: Көшіріп жазып, омоним сөздердің астын сызыңдар, мағынасын ашып келіңдер.
IV. Жаңа сабақ: Мәтінге басқа тілден енген сөздер.
Балалар, басқа тілден енген сөздерді қандай сөздер дейміз. Ондай сөздерді қандай ғылым зерттейді?
Ықтимал жауап:
  • Кірме сөздер және  термин сөзде,  оны лексика ғылымы зерттейді.   
Термин сөздер –ғылым, техника, өндіріс саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіреді.    
Қазіргі уақатты басқа тілден енген сөздерге қазақ тілінде баламалары жасалуда
кеден –таможня, егемен-суверенитет, елтаңба-герб, әнұран-гимн, нарық-рынок, кешен-комплекс, жарғы-устав, ғарыш-космос. 
Тілдің лексикасы басқа тілден енген сөздердің есебінен толығып, байып отырады. Қазақ тілі лексикасында араб-иран тілдерінен, монғол тілдерінен,  орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер бар.
Мысалы: араб-иран тілдерінен
Шаруашылыққа байланысты бұйымдар атаулары: айна, таға, атрап, торап, байрақ, базар, орамал, бадам, перде т.б.
Мәдени-ғылыми ұғымдар: қалам, мектеп, медресе, мағлұмат, мереке, емтихан, ғылым, пән, мешіт, кітап, тарих
Діни сөздер: ораза, намаз, дәрет, парыз, аруақ, құдай, аят, күнә, мәйіт, пайғамбар т.б.
Монғол тілдерінен жаулап алға, соғысқа, мәдени, саяси қарым-қатынас жағдайларға байланысты сөздер:            Дулыға-дууға /шлем/, Жасақ-жасаг, нөкер, қол, ұрыс т.б.
Орыс тілінен енген сөздер:
Шаруашылық, үй саймандары: соқа, стакан, жарма, поднос, доға, самауыр, круева т.б.
әкімшілікке байланысты: комендант, пристав, майыр, салдат, поштабай (почтовой), сот /суд/, атбекет /адвокат/ т.б. 
V. Тақтамен жұмыс
8-жаттығу, /11 бет/ Мына орыс тілінен енген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. /оқушылар кезектесіп тақтаға шығып, сөйлем құрайды/ Орыс тілінен енген сөздің астын сызып, құрамына талдау жасайды.
Цех-                Менің ағам зауытттағы үлкен цехтың бастығы.
Спектакль-   Спектакльдің екінші бөлімінен кейін антракт жариялады.
Такси -           Майқұдық ауданынан таксимен лезде келдік.
Снаряд-         Соғыс кезінде фашистерге снарядтан оқ жаудырды.
Телефон –      Қазіргі кезде ұялы телефонның пайдасы өте керемет.
Шахтер –       Менің атам Киров шахтасында көп жылдар бойы қызмет жасаған.
Шахмат-        -Шахмат ойыны үшін логикалық жағынан көп ойлану қажет.
19-жаттығу: Мәтіндегі көп нүктенің орнына төмендегі берілген қажетті терминнің тиістісін жазыңдар.
Сендер географияны оқуға кірістіңдер. Ол физикалық география және экономикалық география болып үлкен екі бөлікке бөлінеді. Жер шарын ғалым-географтар зерттеуде жердің жасанды серіктері мен ғарыш кемелерінің рөлі зор. Географияны оқуды план және картамен танысудан бастаймыз. Қазіргі кезде жердің планын аэрофотосурет арқылы жасайды.
VІ. «Кім жылдам?» ойыны арқылы сабақты бекіту:
Қазақ тіліне енген сөздердің орыс тіліндегі қалпын тұсына жазыңдар.  Бұл сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерге назар аударыңдар.
самауыр          -           самовар                                  пұт                  -           пуд
жәшік              -           ящик                                       тұрба               -           труба
доға                 -           дуга                                         шайнек           -           чайник
пеш                 -           печь                                        бәтеңке           -           ботинки
тәрелке           -           тарелка                                   кіржуа             -           кружева
кәмпит            -           конфета                                  кәрзеңке         -           корзина
кереует           -           кровать                                   сот                   -           суд      
VІІ. Үйге:
  1. Түсіндірме сөздікті пайдаланып,  бес көп мағыналы, бес омоним сөз теріп жазыңдар.
13-жаттығу: Көшіріп жазып, омоним сөздердің астын сызыңдар, мағынасын ашып келіңдер.
VІІІ. Бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: