Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Морфология. Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер. - Қазақ тілі, 6 сынып, 22 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Морфология. Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер.
Морфология. Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер. - Қазақ тілі, 6 сынып, 22 - сабақ

Мақсаты: Білімділік: Морфология туралы жалпы түсінік. Сөздің түрлерімен таныстыру. Атауыш көмекші сөздерге қандай сөздер жатады. 
Дамытушылық:       Жаттығу жұмыстары арқылы ойын, есте сақтау қабілеттерін, іскерлік белсенділігін дамыту.
Білімділік: Ұқыптылыққа, саналылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, баяндау, тақтамен, оқулықпен жұмыс.
Көрнекіліктер: кластер, оқулық, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:   Оқушыларды түгендеу; Оқу құралдарын бақылау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау:
1. Қызығушылықты ояту :   «Кубизм» стратегиясы бойынша   /кубиктің қырына сай  сұрақтар айтылады/
1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді? 
2- қырының  тапсырмасы : Қысқарған  сөздер қалай жазылады?
3-қырының тапсырмасы : Қысқарған сөзде күрделі атау  құрамындағы сөздердің қандай әріптері жазылады, егер қосымша жалғанса қалай жазылады? АҚШ-қа деген сөз қалай жазылады?
4-қырының  сұрағы: Қазақстан Медицина Институты деген сөз қалай қысқартылып жазылады. Қосымша қалай жалғанады?  
5- қырының сұрағы : Педагогтік колледж, медициналық колледж, атқару комитеті деген сөздер қалай қысқартылып жазылады, оларға қосымша қалай жалғанады? Педколледжге, медколледжге, аткомге
  • 6- қырының сұрағы : Техника түрлері (ұшақ, машина, трактор) маркаларын қалай қысқартып жазамыз. Қосымша қалай жалғанады.? ТУ-154-пен, Ан-2 –мен т.б.
  • Әр түрлі өлшемнің атаулары ше, олар қандай әріппен жазылады, қосымша қалай жалғанады?   ? См, кг, м, т, га, цт.б.
ІІІ. Жаңа сабақ: Морфология. Сөздің түрлері. Атауыш, көмекші және одағай сөздер.



Сөйлемде қолданылатын сөздердің мағыналары біркелкі бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда бір лексикалық мағынаны білдіреді.
Ал кейбір сөздер жеке тұрғанда ешбір мағынаны білдірмейді, сөйлемде басқа бір сөздің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасын толықтырып,  күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. 
Мысалы: 
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Бұл сөйлемдегі төрт сөздің барлығы белгілі бір мағынаны білдіреді.
Мен-айтушы адам
Жазбаймын-қағаз бетіне сөзді түсіру;
өлеңді –белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз
ермек-уақыт өткізу үшін жасалған әрекет.
Үшін –деген сөздің мағынасы жоқ. Бұл сөз тек  ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мағына үстейді.
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды.
Ал ондай мағынаны білдірмейтін тек басқа сөзджердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді.
Атауыш сөздер өздері белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен белгілі бір сұраққа жауап бере алады, сөйлем ішінде белгілі бір мүше бола алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып белгілі бір мағынаны   білдіре алмайды, сөйлем ішінде белгілі бір мүше бола алмайды.
Енді 
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін  сөйлемді талдасақ:
Кім жазбаймын дейді-мен бастауыш
Мен не істеймін-жазбаймын-баяндауыш
Нені жазбаймын?-өлеңді-толықтауыш
Не үшін жазбаймын?-ермек үшін яғни үшін деге сөзге жеке тұрғанда сұрақ қоюға болмайды.
Одағай сөздер адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді немесе жан жануарларды шақыру мәнінде қолданылады. Олар да сөйлем мүшесі бола алмайды. Толық мағынасы болмағандықтан бір сұраққа жауап бермейді.
Па, шіркін! Сөзің сөз-ақ екен!
ІҮ. Оқулықпен жұмыс 
Жаттығулар орындату
№114 жаттығу: Сөйлемдері оқып шығып, құрамындағы атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратыңдар:
Қырық үшінші жылдың бірінші түнінен бастап, дәл осы демалысымызға дейін әр кезде шабуылдың алдында келдік.
Шегінген кезде артта болсақ, шабуыл кезінде ылғи алдамыз.
Жаяу да жүрдік, машинаға да міндік, танкіге де міндік, тіпті жау танкісіне де міндік. /–да, -де, -та, -те –жалғаулық шылаулар/
Антоним сөздерді  табамыз: шегінген кезде - шабуыл кезінде, артта-алда, жаяу-машинаға да міндік.
№116 Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.
Мен Қаныш ағамен сирек болса да, кездесіп тұрдым. Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлейтін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.
ІІ. Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім.
Білімдіні сүйерін білем елдің.
Қосымша : көмекші сөздерді қосып, білім және ғылым туралы әңгімелеңдер.
Ү. Үйге тапсырма
1. Ережені оқу./Ереже дәптеріне жазу/
2. 115-жат. Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар. Қарамен жазылған сөздердің атауыш сөз екендігін үлгідей етіп дәлелдеңдер. 
            
            ҮІ. Сабақты бекіту үшін сұрақтар
  • Морфология ғылымы нені зерттейді. 
  • Атауыш сөздер қандай мағына береді?
  • Көмекші сөздер қандай мағына береді?
            ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: