Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Есімдіктердің емлесі - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Есімдіктердің емлесі. 
Есімдіктердің емлесі - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу:
  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  1. Кезекшімен сөйлесу:
Үйге: 63-64  беттердегі 127 – 131 – жаттығуларды орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: есімдіктердің емлесі.
Сабақтың мақсаты: есімдіктердің емлесін меңгерту.
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
     Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздерден жасалған дара есімдіктер болып саналады. 
Мысалы: мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар; мына, мынау, сол, сонау, ана, анау, бұл, бұлар; қанша? не; барлық, өз, өзім, өздері, күллі, түгел. т.б.
      Әлде, әр, кей, бір, еш сөздері мен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған белгісіздік, болымсыздық есімдіктері күрделі есімдіктер болады, олар бірге жазылады. 
Мысалы: әлдеқашан, әркім, қайбір, қайсібір, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқайда, т.б.
Әлде, әр, кей, бір, еш сөздері басқа сөз таптарымен тіркесіп айтылса, бөлек жазылады. 
Мысалы: әр оқушы, бір адам, кей ағаң, еш уақытта.\, т.б.
Жаттығулар орындау:
208-жаттығу. Өлеңдерді көшіріп жазып, құрамындағы күрделі есімдіктердің емлесін ұғып алыңдар.
Жазушының ойы
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп- тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
(А. Байтұрсынов)
Қайыршы
Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ,
Мойында ескі дорба,қолда таяқ.
Қалада қайыр сұрап жүруші еді,
Күн көріп бергенімен әркім аяп.
Бір күні шаршаған соң демін алып,
Отырып ой жіберді әрбір жаққа.
Ойлады: «Кейбіреулер болады бай,
Не түрлі қажетінің бәрі де сай.
Жайлы орын, жақсы тамақ, жиған жиһаз,
Қанағат етіп соған тұрмайды жай.
Ұрынып әр кәсіпке жүрген әман,
Бәріне өзі тойса, көзі тоймай.
Айырылар ақырында қолдағыдан,
 Дәулетін асырам деп ойлай – ойлай.
(А. Байтұрсынов)
209-жаттығу. Сөйлемдердің құрамындағы күрделі есімдіктерді теріп жазып, олардың қандай есімдіктерден бірігіп жасалғанын айтыңдар.
Үлгі: кейбіркей және бір деген екі түбірден құралған, бірге жазылады.
  • Шалағай жыртылған кебір жерлерді қайтадан жырттырған кездеріміз де болды. Әлденеге сүрлеумен ілгері жылжып келе жатқан машина бір сайдың сазына батып, тұрып қалды.
(С. Шаймерденов)
  • Митинг дегеннің не екенін Ботагөз сол күні ғана білді: қай жерге барса да, шоғырланған көпшілік, араларында әлдекім биікке шығып алып, әлденелерді сөйлеп, кеңірдегі қызарғанша айғайлайды. 
(С.Мұқанов)
  • Гүлден ұшқан көбелектей көпбояулы, нешебір көріністер.
(М.Әуезов)
210-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, әлде, әр, қай, кей, бір, еш сөздері басқа сөз таптарымен тіркесіп айтылса, бөлек жазылатынын ұғып алыңдар.
Кей құрбы бүгін тату, ертең бату,
Тілеуі, жақындығы бәрі сату...
* *  *
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді...
                     * * *
Еш нәрсе емес жұбанар
Ақыл сөзбен баққанға...
                      * * * 
Тыңдамаса ешщ адам,
Өз жүрегім толғансын.
                       * * *
Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,
Бойына майдалықпен сыр сақтаған.
(Абай)
Сұрақ –жауап:
  1. Біз бүгін сабақта нені білдік?
Үйге: 105 бет, есімдікті қайталау. 106 –бет, 211-жаттығу.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Бағалау.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: