Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Сан есім туралы түсінік беру - Қазақ тілі, 6 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Сан есім.
![Сан есім туралы түсінік беру - Қазақ тілі, 6 сынып](/uploads/posts/2021-01/medium/1610959614_photo_73807.jpeg)
Біздің сыныпта отыз оқушы бар. Олардың бесеуі оқуды үздік оқиды деген сөйлемдердегі отыз, бесеуі деген сөздер заттың сан мөлшерін білдіріп тұр. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер с а н е с і м деп аталады. Сан есімдер неше? нешеу? нешінші? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Дара және күрделі сан есімдер. Сан еімдер құрамына қарай екіге бөлінеді: дара күрделі Дара сан есімдерге негізгі,туынды сан есімдер жатады. Мысалы: он, жиырма, бес, алтау, сексен, жүз, мың, тоғыз, миллион, миллиард, алпыстаған, үшінші,т.б. Күрделі сан есімдерге екі не одан да көп сөздің тіркесінен және қосарланған сөздермен жасалған сан есімдер жатады. Сөздердің тіркесіненжасалған күрделі сан есімдер бөлек жазылады. Мысалы: он бес, жетпіс алты, бір жүз отыз, тоғыз жүз елу төрт, екі миллион бес жүз қырық бес, он төртінші, т.б. Сөздердің қайталануы және қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис арқылы жазылады. Мыс: бір-бірден, екі – екіден, үш – төрт, отыз – елу, алпыс – жетпістей, бес – алты, т.б. Тапсырмалар орындау.
күрделі сан есімдер: он сегіз … 6, 18, 342, 1987 жыл, 50 – 60, 0, 5, 4893, 689.
Үйге: 78 бет,162-163 – жаттығуларды орындау. Сан есім туралы түсінікті қайталап оқу. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру. |
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар:
Облачное хранилище для IP-камер Glazok и его ключевые особенности
Канализационные насосные станции: применение, виды, функции
Эксклюзивные выпуски и лимитированные серии часов Piaget
Профессиональное оборудование для ресторанов, кафе, баров, столовых
На что обратить внимание при выборе беговой дорожки для дома?