Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сын есімнің мағыналық түрлері - Қазақ тілі, 6 сынып

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.  Сын есімнің мағыналық түрлері. 
Сын есімнің мағыналық түрлері - Қазақ тілі, 6 сынып

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Кезекшімен сөйлесу
Үйге: 136-137 – жаттығуларды жазбаша орындау. Сын есім туралы түсінікті қайталап оқу.
1. Өткен тақырыпты еске түсіру: 
  • 1.      Сын есім дегеніміз не? 
  • 2.      Қандай мағыналық белгілері бар?
  • 3.      Сын есім құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
  • 4.      Сын есім жасайтын жұрнақтар неше топқа бөлінеді?
  • 5.      Мысалдар келтіріңдер.
2.  Деңгейлік тапсырмалар орындату (таратпа қағаздар тарату). 
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері.
Сабақтың мақсаты: сын есімнің мағыналық түрлерін меңгерту.
Сын есім мағынасына қарай
Сапалық Қатыстық
Мыс:көк. қызыл, ащы, көкшіл,                  өнерлі, орманды, аттылы, 
жақсырақ
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
Заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді с а п а л ы қ с ы н    е с і м дейміз.
Мысалы:үлкен, кең, жақсы, әдемі, ащы, жұмыр, ақ, ыстық, суық.
       Сапалық сын есімдер басқа сын есімдерге негізгі ұйытқы болдады. Сапалық сын есімдерге сын есмінің жұрнақтары талғаусыз жалғанады. 
Мысалы: қызылдау, сарырақ, ащылау, үлкенірек.
Заттың сын – сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін  сын есімді  қ а т ы с т ы қ   с ы н      е с і м дейміз.    
Мысалы: еріншек, әлді, күшті, өткір, жазғы, шоқпардай, көтеріңкі.
Қатыстық сын есімдерге есімдерден, етістіктерден жасалған туынды сын есімдер жатады. Қатыстық сын есімдердің мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасымен байланыста болады. 
Мысалы: малды ауыл – малы көп ауыл, түнгі суық – түнде болатын суық. 
        Сапалық сын есімде, қатыстық сын есім де қай? қандай деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: үлкен үй, сүтті сиыр, қысқы демалыс.
Жаттығу жұмыстарын орындау:
146-жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, екі баған етіп жазыңдар. 
Үлгі: сапалық сын есімдер                                  қатыстық сын есімдер 
                       ақшыл                                                                      аттылы
                       жасыл                                                                     сазды
   үлкен                                                                          балалы
                       тәтті                                                                         жігерлі
                    қымбат                                                                     жүгіргіш т.б.
147 - жаттығу. Жұмбақтарды оқып шығыңдар. Қатыстық сын есімдерді тауып, олардың қай сөз таабынан жасалғанын айтыңдар. 
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, кәне білші.
        (...)
тапқышым – қатыстық сын есім, етістіктен жасалған;
шығыршықсыз, тіреусіз, сүйеусіз- қатыстық сын есімдер, зат есімнен жасалған;        
І қатар. 148-жаттығу. 
1. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын әңгімелеп айтып беріңдер. Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыраты,п әңгімеге қандай өң беріп тұрғанын байқаңдар.
2. Мәтінге ат қойыңдар.
ІІ қатар. 149-жаттығу.
Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Оның мазмұнын өз сөздеріңмен қысқартып жазыңдар. Сын есімдерді орынды пайдаланыңдар.
ІІІ қатар. 150- жаттығу. 
Мәтінді оқыңдар. Сын есімдерді тауып, өзінің тіркескен сөзімен бірге теріп жазыңдар, оларды сұрақ қою арқылы талдаңдар.
151-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Құрамындағы сын есімдердің мағынасына көңіл бөліп, олардың өлеңге қандай мән беріп тұрғанын түсіндіріңдер.
Жайлау
Жайлау қандай тамаша!
Көзді тартар қарасы,
Қызыл – жасыл төңірек,
Бейне жайған алаша.
(С. Мәметов)
152 –жаттығу. 1Сөйлемдегі сын есімдерді сұрақ қою арқылы анықтаңдар.
2. Мәтіннен естектер деп аталған солтүстіктегі аңшы халықтың қолөнерін танытатын сөйлемдерді қайталап оқып, олар туралы өз пікірлеріңді айтыңдар. 
Сұрақ –жауап:
  1. Біз бүгін сабақта нені білдік?
  2. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Сапалық сын есім дегеніміз қандай сын есім?
  4. Қатыстық сын есім дегеніміз қандай сын есім?
  5. Мағынасына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  6. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар нешеге бөлінеді? 
Үйге: 153-154-155 – жаттығуларды орындау. Сын есімнің мағыналық түрлері. (ереже оқу)
Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. 
Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: