Тарих / Рефераттар

РГР: Қазақстан территориясындағы ежелгі ақша сарайлары: ақша соғу, ақша бірлігі, таралымы

Қазақ тарихының, қазақ жазба тарихының түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай  дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде мәңгі өлмес мұралар жасады. Оған мысал бола алатын «Орхон-Енисей жазбалары». Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын, түркі тайпаларының байырғы қоныс мекендерінде көне руна жазуымен тасқа қашалып қалдырылған бұл тамаша ескерткіштер қазір адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі саналады. Сонымен қатар сол заманнан бүгінге шейін көптеген
РГР: Қазақстан территориясындағы ежелгі ақша сарайлары: ақша соғу, ақша бірлігі, таралымы

Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.

Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ «бай» болғымыз келеді.

Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мүмкін. Ақшасы жоқ адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді, өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатын іске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да, өз келбетін жоғалтады. Мұны атам қазақ сонау ерте кезден білген. Өйткені Қазақстан территориясында ақша сарайлары болған және сауда қатынастарының дамуына байланысты алуан түрлі ақша түрлері болған. Мұндай нумизматикалық құндылықтарды біздер сол қалалардың орнында жүргізілген археологиялық қазба кездерінде байқап отырмыз.
Мысалы Алматы қаласының “Горный гигант” аумағында ақша сарайының орнына кез болғандығы туралы теледидардан көрсетіп қалды.

Ақша сарайлары мен ақша көмбелерінің табылуы сол кездегі өмірден көптеген құнды мәліметтер береді.
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб, парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған. Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын, Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет өркендеді.

Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан аумағын қоныстанған түркілер бірсыпыра ескерткіштер – қоргандар, жеке қабірлер , адамның тірі кезіндегі қасиеттерін тастан жасалған бейнесінде беруге тырысқан балбалдар тізбегін, тастан үйілген мола үлгілерін қалдырды. Молалардан темірден жасалған үзеңгі, санақ ұшының жаңа үлгілері , семсер , қылыштар, металдан жасалған түрлі әшекейлер жапсырылған жорық белдіктері табылды.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: