Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Леп белгісі - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі
Леп белгісі - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты :Леп белгісінің тілек,өтініш,ашық бұйрық, зекіру сияқты мағыналарды білдіретін сөйлемдерден кейін ғана қойылатынын білдіру.Оқушыларға лепті сөйлемдердің көбіне ауызекі сөйлеу стиліне тән екендігін ,сондықтан көркем әдебиетте ,оның ішінде диологте көбірек кездесетінін,тағы поэзияда,баспасөз стилінде ұшырасатындығын түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер:түсіндірме,сұрақ-жауап,тәжірибе жұмыстары.
Сабақтың түрі:дәстүрлі,жаңа сабақ
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі7
а)Сәлемдесу.Сыныппен сәлемдесіп,жоқ оқушыларды түгендеу.
2.Үй тапсырмасын тексеру 114-жаттығу,(тыныс белгілерін дұрыс қойып көшіру) .116-жаттығу.(сұхбат алу)
3.Жаңа сабаққаәзірлік.Сабақтың тақырыбымен ,мақсатымен таныстыру.
4.Жаңа сабақ кезеңі.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
    Лепті сөйлем –белгілі шындық құбылыс туралы,белгілі субьект  жайында  айтушының эмоциялық қатынысын ,сезімін,көңіл күйін үстемелей не арнайы білдіретін сөйлемдер.
Леп белгісінің қойылатын орындары:
1.Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. М:Қош келдің,ағатай!
2.Тілек ,өтініш,алғыс,бұйрық,зекіру,зіл сазындағы бұйрықты,алғыс, бата сөйлемдерден кейін қойылады.Мысалы:Болды!Тоқтат!
3.Ұранды және ерекше мәнмен көтеріңкі айтылған  атаулы сөйлемдерден кейін қойылады.М:Бірлік жасасын!
4.Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа,одағай және жоқ,иә сөздерінен кейін қойылады.М:Алақай!Айтқам жоқ!
5.Сәлемдескенде айтылатын сұраулы щылауы бар сөздерден кейін,сұрау мәнін білдірмейтін қандай,неткен есімдіктері таңдану,қуануды білдіріп тұрса леп белгісі қойылады.М:Есенсіз бе?
Талдау жұмысы
1.Туу  бұл үлкен сыйлық қой,ақсақал!(леп,көтеріңкі леппен)
2.Қыран болатынын қайдан білесіз?(сұрау мәнде)
3.Қарт балапанның кішісін мақтады.(хабарлау мәнде)
                   Тапсырмалар. 1-тапсырма.
1-топқа.Мына сөйлемдерді талдау ,сүйсіну,қуаныш мәнде қарастырыңдар.
1.Танауыңды жарған хош иісті гүл........
2.Қос аққу бізге қарай жүзіп келеді.
3.Ертеңінде ерекше бір әсем үлкен ояндық.
2-топқа.Мына сөйлемдерді ренішті ,қорқынышты ,өкінішті  етіп құрыңдар.
1.Атамыз қазақ аққуды қадірлейді..........
2.Көл бетінен қорқынышты еш нәрсе байқалмайды.......
3.Тағы да үнсіз    Жалынкөлге тесіне қарады......
3-топқа.кесте толтыру.
                                         БҰЙРЫҚТЫ  СӨЙЛЕМ
мысалдарЖасалу жолымағынасы
Ал түсіңдер,неге тұрсыңдар!
Одан да бір ән салшы,бауырым!
Ешкім ешқайда кетпесін!
Бұйрық райдың 2-жағы,
-шы,-ші жұрнағы арқылы
Бұйрық райдың 3-жағы
Талап ету,тоқтау салу,сес көрсету
Ескерту,өкініш,ұсыныс жасау
Сақтандыру,тоқтау салу

2-тапсырма
1-топқа.
138- жаттығу. Леп белгісін қажет ететін сөйлемдерді теріп жазыңыз, тыныс белгісін қойыңыздар.
 2-топқа.
141-жаттығу.Сөйлемдердің мағынасын  толықтыру үшін төмендегі сөздердің тиістісін қойып көшіріңдер.Қандай тыныс белгісі қажет?
  3-топқа.
142-жаттығу. Берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрастырыңдар. Қорытындылау үшін жетекші сұрақтар беру:
-Леп белгісі қандай сөйлемдерден соң қойылады?
-Леп белгісін қоюды талап ететін сөйлемдердің қандай белгілері бар?
-Қуаныш,реніш,сүйсіну,бұйыру,зекіру мағыналарын қандай тілдік тәсіл арқылы білдіруге болады?
-Леп белгісі қойылатын сөйлемдер өмірдің қай саласында көп кездеседі?
-Ауызекі сөйлеудегі леп белгісінің қосымшалары нелер?
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма.147-жаттығу, 148-жаттығу. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: