Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Әдебиет теориясы - Қазақ тілі, 10 сынып

Тақырыбы: Әдебиет теориясы
Әдебиет теориясы - Қазақ тілі, 10 сынып

Мақсаты:   Әдебиет теориясының түрлеріне тоқтала отырып, мазмұнын   ашу, ерекшеліктеріне мән беру.
Дамытушылығы:     Мысалдар арқылы дәлелдеу
Тәрбиелілігі:             Көркем сауатты жазу
Әдісі:                           Баяндау, түсіндіру, талдау.
Барысы:                     I. Ұйымдастыру кезеңі
  II. Үй тапсырмасын сұрау
 III. Жаңа сабақ
Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың:
Жоғарғы ерні көк тіреп,                               Ұмытылғанда қысылып,
Төменгі ерні жер тіреп...                              Бес жүз құлаш жазылды...
Сол сияқты Ер Тарғынның Тарлан атын:
От орнындай тұяқтым,              Танауыңа болайын
Омыртқаң бар отаудай...          Түбін алған шелектей.
Шықшытыңа болайын,             Омырауыңа болайын,
Оралып жатқан түбектей...       Еділден шыққан аңғардай...-
Деп, әсірелеп суреттейді. Құбылыста осылайша шамадан тыс асыра суреттеуді гипербола деп  атайды. Мысалы:
От орнындай тұяқтан                                             Бір тұтамы қалыпты.
Оймақтай-ақ қалыпты,                                          Жалбыраған жалыннан
Етектейін еріннен                                                     Жалғыз қарыс қалыпты...
Екі елісі қалыпты                                                      Бір құшақтай құйрықтан
Қиған қамыс құлақтан                                           Бір уыстай қалыпты.
Сол сияқты:
Темір етіктен теңгедей,
 Темір таяқтан тебендей,
дегенде адамның басынан кешкен азап, қиындық жолдарын көрсету  үшін ұтымды тәсіл, шебер өрнек тапқан.
Затты,құбылысты осылайша неғұрлым кішірейте суреттеуді литота дейміз.
«Ер Тарғын» жырында антитеза,яғни салыстыра суреттеу арқылы жыршы Ақжүніс арудың келбетін бейнелеудегі:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
 Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім кер,-
деген жолдардағы сөз өрнектері қандай көркем. Мұндай салыстыра суреттеу бейнелеу тәсілдіерін антитеза дейді.
IV. Сұрақ -жауап арқылы қорытындылау
V. Үйге: Көркем шығармадан үзінді талдау
VI. Бағалау
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: