Сабақ жоспарлары / Физика

Тербелмелі қозғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. - Физика, 9 сынып, 24 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.
Тербелмелі қозғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. - Физика, 9 сынып, 24 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
  1. Бақылау жұмысына сраптау жасау.
  2. Қатемен жұмыс.
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
  1. Механикалық тербелістер-дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыс.
  2. Тербелмелі қозғалысқа мысалдар. Тербелмелі қозғалыстардың ұқсастығы олардың периодтылығы.
  3. Серіппелі маятниктің тербелісінің динамикасы.
  4. Ығысу-дененің тепе-теңдік күйден ауытқуы.
  5. Гармоникалық тербелістер.
  6. Тербеліс периоды-дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы.
  7. Тербеліс жиілігі-бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны.
  8. Тербеліс маплитудасы-дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні.
  9. Механикалық тербелістер кезіндегі дене қозғалысының сипаттамаларын түсіндіретін.
VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§24,25  дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Қандай қозғалыстарды тербелмелі қозғалыстар деп атайды?
  2. Қозғалыстың басқа түрлерінен тербермелі қозғалыстардың ерекшелігі неде?
  3. Ығысу деген не?
  4. Гармоникалық тербелістер деп қандай тербелістерді атайды?
  5. Тербеліс периоды деп нені айтады?
  6. Тербеліс жиілігі деп нені айтады?
  7. Тербеліс амплитудасы деп нені айтады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. 21-жаттығу 1,2; 
  2. Қосымша есептер.
А) Егер тербеліс периоды 0,5с болса, маятник 20 тербелісті қанша уақытта жасайды?
Ә) Масаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5 мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §24,25  21-жаттығу (3,4). Оқулықтағы 92 беттегі тапсырма
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: