Сабақ жоспарлары / Физика

Толқындық қозғалыс. - Физика, 9 сынып, 30 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Толқындық қозғалыс.
Толқындық қозғалыс. - Физика, 9 сынып, 30 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Толқындық қозғалыспен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Толқындық қозғалыспен танысамыз.
  1. Тербелмелі контур дегеніміз не?
  2. Еркін электромагниттік тербелістер неліктен өшеді?
  3. Катушка индуктивтілігінің өзгеруі контурдағы еркін тербелістер периодына        қалай әрекет етеді?
  4. Конденсатор сыйымдылығының өзгеруі контурдағы еркін тербелістер периодына қалай тәуелді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 
1. Толқындық қозғалыс, оған мысал.
2. Механикалық толқын-тербелістердің  серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі.
3. Көлденең толқын-бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын.
4. Бойлық толқын-бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бойында жүзеге асатын толқын.
5. Толқын ұзындығы-Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
6. Толқын жылдамдығы-толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
7.  Сейсмимкалық толқын-жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
8. Гравитациялық толқын-ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§30  дайындық сұрақтарын талдау.
  1. Толқын дегеніміз не?
  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болып таралады?
  3. Толқын ұзындығы дегеніміз не?
  4. Толқын жылдамдығы дегеніміз не?
  5. Толқынның энергияны тасымалдайтынын қалай дәлелдеуге болады?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
  1. 25-жаттығу 1.
  2. Қосымша есептер.
А) Толқындардың таралу жылдамдығы 6 м/с, тербеліс жиілігі 5 Гц болғандағы толқын ұзындығы қандай? (1,2 м)
Ә) Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқынды 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өрнектерінің арақашықтығы 1,2м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай? (2,4 м/с).
Б) Теңіз толқындары өркештерінің ең жақын арақашықтығы 10 м. Егер толқындардың жылдамдығы 3м/с болса, оның қайыққа соғылу жиілігі қандай болады? (0,3 Гц).

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §30  25-жаттығу (2,3).
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: