Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару. - Физика, 9 сынып, 41 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару. - Физика, 9 сынып, 41 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

Есептер жинағынан есептер шығарту.

ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.
  1. Электромагниттік өріс дегеніміз не?
  2. Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?
  3. Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  4. Кеплердің бірінші заңы нені тұжырымдайды?
  5. Кеплердің екінші заңы нені тұжырымдайды?
  6. Кеплердің үшінші заңы нені тұжырымдайды?
  7. Планетаның орбита бойымен ең шапшаң және ең баяу қозғалатын нүктелерін анықтаңдар.
  8. Планета афелийден перигелийге орын  ауыстырғанда, оның жылдамдығының мәні қалай өзгереді?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: Қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: