Сабақ жоспарлары / Физика

Есеп шығару - Физика, 9 сынып, 8 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.
Есеп шығару - Физика, 9 сынып, 8 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.
  2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.
  3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

1 Радиусы 50м айналма жолмен келе жатқан жылдамдығы 36 км/сағ велосипедтің ценрнтге тартқыш үдеуі қандай?
2. Қала орталығындағы орнатылған сағаттың минуттық тілі ұшының қозғалысының айналу периодын, жиілігін және жылдамдығын анықтаңдар.Минуттық тілінің ұзындығы 3,5м-ге тең.
3. Нүкте шеңбер бойымен 1 м/с жылдамдықпен қозғалады. Ценртге тартқыш үдеуі 2 м/с2-ге тең. Шеңбердің радиусын анықтаңдар. 
ІІ деңгей.
  1. Жердің Күнді айнала қозғалғандағы бұрыштық және сызықтық жылдамдығын есептеп табыңдар. Жер орбитасының радиусын 150 млн. Км-ге тең деп алыңдар.
  2. Егер автомобильдің радиусы 40 см доңғалағы 1 с ішінде 15 айналымс жасайтын болса, оның қозғалу жылдамдығы қандай?
ІІІ деңгей.
  1. Диаметрі 20см шкив 3 минутта 300 айналым жасайды. Шкивтің жиегіндегі нүктенің айналу периодыы, бұрыштық және сызықтық жылдамдығын табыңдар.
№1 К.
  1. Радиусы 80м айналма жолмен келе жатқан жылдамдығы 20 м/с поездың ценртге тартқыш үдеуі қандай?
  2. Күннің өз осінен айналғанда, экватордағы нүктелерінің жылдамдығы 2 км/с. Күннің өз осінен айналу периоды және экватор нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін табыңдар. 
ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.
  1. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
  2. Айналу периоды дегеніміз не?
  3. Айналу жиілігі дегеніміз не?
  4. Период пен жиілік арасында қандай байланыс бар?
  5. Бұрыштық жылдамдық деген не?
  6. Қандай жылдамдық сызық тық деп аталады?
  7. Центге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
  8. Неліктен центрге тарқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?
  9. Центрге тартқыш үдеудің формуласы?
10.  Қисықсызықты қозғалыс деп қандай  қозғалысты айтады?
11.  Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
12.  Жиілік деп қандай шаманы айтады?
ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: К., Т., №3.1, 3.2, 3.3, 3.12.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: