Сабақ жоспарлары / Физика

Рентгендік сәуле шығару. Есеп шығару. - Физика, 9 сынып, 45 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Рентгендік сәуле шығару. Есеп шығару.
Рентгендік сәуле шығару. Есеп шығару. - Физика, 9 сынып, 45 - сабақ

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Рентгендік сәулені пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2.      Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3.      Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.  
1.      Квант гипотезасы қалай оқылады?
2.Квант дегеніміз не?
3.Фотоэффект дегеніміз не?
4.Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
5.Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы қалай жазылады?
6.Жарық дуализм дегеніміз не?
7.Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?
8.Фотоэффектінің қызыл шекарасы  деп нені айтады?
№1 К.
А) Жарықтың толқындық және корпускулалық қасиеттерін сипаттайтын шамаларды атаңдар.
Ә) Жиілігі 100 Гц радиоқабылдағыш шығаратын фатондардың массасын, импульсін, энергиясын анықтаңдар.
№2 К. 
А) Фатондардың ерекше қасиеттерін атаңдар.
Ә) Жиілігі 1015 жарық түсіргенде, литийден шыққан электрондардың максимал кинетикалық энергиясын табыңдар.
№3 К.
А) Фотоэффектінің күміс үшін қызыл шекерасы 0,29 мкм. Электрондардың күміс бетінен шығу жұмысын анықтаңдар.
Ә) Егер тежеуші кернеу 3 В-қа тең болса, онда катодтан жұлып шығарылатын фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясын табыңдар.

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
1. Рентген сәулелерінің ашылуы.
2. Тежеулік рентгендік   сәулелер-жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулелену.
3. Рентгендік сәулелерінің қасиеттері.
4. Рентгендік түтікшенің жұмыс істеу принципі.
5. Рентгендік астраномияның астрофизикалық зерттеулердегі мәнділігін немен түсіндіруге болады?


Сәуле шығару дозасы. Рентген 

Сәуле шығарудың тірі ағзаларға тигізетін әсері шығарылған сәуленің дозасымен сипатталады. Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп иондаған сәуле шығарудың жұтылған Е энергиясының сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады:


Бірліктер жүйесінде сәуле шығарудың жұтылған дозасын Грэймен (қысқаша: Гр) өрнектейді. Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаған сәуле шығарудың 1 Дж энергиясы берілгендегі сәуле шығарудың жұтылған дозасы 1 Гр-ге тең:


Радиацияның табиғи реңкінің (ғарыш сәулелері, айналадағы орта мен адам денесінің радиоактивтігі) бір жыл ішіндегі сәуле шығару дозасы әр адамға 2•10-3 Гр шамалас болады. Радиациядан қорғаудың Халықаралық комиссиясы сәуле шығарумен жұмыс істейтін адамдар үшін бір жыл ішіндегі шектік дозасын 0,05 Гр деп тағайындайды. Қысқа мерзім ішінде алынған 3-10 Гр сәуле шығару дозасы өлім қаупін туғызады.
Рентген. Практикада сәулеленудің экспозициялық дозасының жүйеден тыс бірлігі рентген (қысқаша Р) кеңінен қолданылады. Бұл бірлік рентген және гамма сәулелердің иондау қабілетінің өлшеуіші болып табылады. Егер температурасы 0°С, қысымы 700 мм.сын. бағанасына тең 1см3 құрғақ ауада пайда болатын иондар, олардың әр таңбасының қосындыланған заряды жеке-жеке алғанда 3-10-10 л-ға тең болса, онда сәуле шығару дозасы бір рентгенге (1 Р) болады. Сонда шамамен 2•109 иондар жұбы түзіледі. Пайда болған иондар саны заттың жұтатын энергиясына байланысты. Практикада қолданылатын дозиметрлерде 1 Р жуықтап алғанда 0,01 Гр жұтылған сәуле дозасына пара-пар деп есептеуге болады.

VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§52 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1.      Деңгейлік тапсырмалар.
1.      Егер рентген түтігінің спектіріндегі ең «қатты» сәулелерінің жиілігі 1019 Гц болса, рентген түтігі қандай кернеумен жұмыс  істейді?
2.      РЕНТГЕНдік түтіктегі электронның кинетикалық энергиясы 2,4*1014 Дж болса, ол қандай кернеумен жұмыс істейді?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §52, дайындық сұрақтары. 40-жаттығу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: