Сабақ жоспарлары / Информатика

Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары.
Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Пән аты:    Информатика 
Класы:  9 «А», 9 «Б», 9 «В»

Сабақтың тақырыбы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын   жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. 

Программалық               Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы                          
дидактикалық                 бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру құралдары. 
қамтылуы:                       Жұмыс  дәптері.
Сабақ мақсаты:                1. Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы 
                                              ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін-зі алып жүру         
                                              ережелерімен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет              
                                              ережелерімен таныстыру. 
                                             2. Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек 
                                              көрсете білу қабілеттерін дамыту.
                                             3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі:  Практикум элементтері бар көрсетіп  түсіндіру сабағы.                   
Білім мен білікке Оқушы білуі тиіс:
қойылатын талаптар      -   ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
-
компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;
-
қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.           
   
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
                                             -  көз талғандағы жаттығуларды жасауды;
                                             -  өрт сөндіргішті қолдануды;
                                             - жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды; 
                                             - статикалық кернеу әсерін кетіру жаттығуларын орындауды.
Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру

1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады: 
1) жалпы; 
2) ДК-де   жұмысты бастау алдында; 
3) жұмыс істеу   кезінде 
4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы, 
5) жұмысты   аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1.
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге  тыйым салынады.
2.
Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды
3.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
4.
Дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды
5.
Корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады
6.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде  тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс
7.
Пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды
8.
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын  қауіпсіздік талаптары
1.
ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.
ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см.
2.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай  көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек. 
5.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.
Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.
ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын бйқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар  пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға   хабарлау керек. 
2.
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3.
Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.
4.
Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5.
Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары
1.
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

3. ТАПСЫРМАНЫ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІНДЕ ОРЫНДАУ КЕРЕК.
Төмендегі әрекеттердің орындауға болатындарын жасыл қарындашпен, ал орындауға болмайтындарын қызыл қарындашпен бояңдар да, сөйлемдердің мағынасына қарай «болады» немесе «болмайды» сөздерін қосып жазыңдар.

Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кіруге болмайдыКомпьютер сыныбына сабырлықпен кіріп өзіңнің жұмыс орнына отыруға боладыИнформатика кабинетінде сырт киіммен жүруге болмайды
Компьютердің көзге түсерлік ақауы немесе бұзылған жері жоқ екеніне көз жеткізуге боладыКомпьютер сыныбына кірерде бір-біріңді есікте итермелеуге болмайдыКомпьютердің көзге түсетін ақауларын көрсеңдер мұғалімге хабарлауға болады
Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын жеріне тиісуге болмайдыКомпьютерде жұмыс істеуді тек мұғалімнің рұқсатымен бастауға боладыЭлектр тогымен жалғанған сымдарға тиісуге болмайды
Сыныпқа басқа компьютерлерден компакт-диск пен дискет алып келуге болмайдыКомпьютердің ақауларын немесе бұзылған жерін өз беттеріңмен жөндеуге болмайдыСабаққа қатысты емес бағдарламаларды немесе ойындарды қосуға болмайды
Компьютерде кір қолмен жұмыс істеуге болмайдыПернетақтаны тоқпақтамай, жай басуға боладыЭкранға және монитордың артқы қабырғасына тиісуге болмайды
Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басуға боладыКомпьютерде су киіммен немесе су қолмен жұмыс істеуге болмайдыКөзден монитор экранының қашықтығы 60-70 сантиметр болуына болады
Компьютердің құрамдас бөліктеріне заттар қоюға болмайдыЖұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіруге боладыМұғалімнің рұқсатынсыз қапшықтар мен файлдарды жоюға болмайды

4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
1.
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру) 
2.
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату 
3.
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету 
4.
Дәрігерді шақыру (мектептің медпунктінен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек.

Күйген кезде көмек көрсету
Адам күйікке шалынған жағдайда:
1.
Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі (анальгин, валерьянка) беру керек.
2.
Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
3.
Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орап алып, суық суда ұстау керек.
4.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету
Адам талып қалған жағдайда:
1.
Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.
2.
Дәрігерді  (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:
1.
Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек;
2.
Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
3.
Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
Қауіпсіздік ережелері бойынша бекіту сұрақтары бойынша, сынақ
V. Қорытындылау
Үйге тапсырма:     ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының  ережелері.  Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын  жаттығулар. Жұмыс орнын  пайдалануды есепке алу журналы. 
Оқушыларды бағалау


Пән аты:   Информатика 
Класы:  9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы:       Алгоритм  түсінігі. Атқарушы командалары жүйесі. Атқарушы түсінігі. Блок-схема.
Сабақтың  мақсаты:   
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі:  Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.                                                                    
Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:   жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.  
Сабақтың барысы:     
                          а) ұйымдастыру кезеңі
                          б) сабақ сұрау
                          в) бағалау
                          г) жаңа  сабақ
                          д) бекіту
                          е) үйге тапсырма
                          ж) қорытынды
Қоңырау   соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. 

Қауіпсіздік ережелерін қайталау сұрақтары.
·
Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?
·
Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?
·
Компьютермен жұмыс істер алдындығы қойлатын талаптарды ата.
·
Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?
·
Компьютермен жүмыс аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.
·
Электр тоғымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?
·
Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?


Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм, программа ұғымдары

 «Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.

Алгоритмнің орындалу

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:
1.Мектепті тәмамдау.
2.Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3.Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
4.Конкурстан өту.
5.Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.
Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі. 
Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

Алгоритм қасиеттері


Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

1.Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
2.Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
3.Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
4.Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: