Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар
2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Еңбекке баулу
Еңбекке баулу пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары.
Тақырыбы: Табиғаттың өзі - конструктор
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы, мақсаты.
Ү. Жаңа сабақ. Табиғат ғажайыптары көп. Құпиясы мен әсерлері жайлы әңгімелеу. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Суреттерге талдау
ҮІ .Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу. Табиғи материалдарға нелер жатады? Оларды сындыруға болады ма? Олар қандай? Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек? Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?
ҮІІ. Бекіту.Суретке қарап әңгімелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Түсініп оқу. Бағалау.
№ 2. Тақырыбы: Қайталау
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Өткенді пысықтау. Табиғи материалдарға нелер жатады? Оларды сындыруға болады ма? Олар қандай? Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек? Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?
ІІІ. Мақсатын қою. Табиғи материалдардың қасиеттері
ІҮ. Жаңа сабақ: Жұмысқа кіріспес бұрын есіңе түсір:
Материал – бұйым жасалатын заттар.
Құрал-сайман - жұмыс істеуге қажетті заттар.
Жабдық – Жұмыс кезінде қажет болатын әр түрлі құрылғылар.
Оқулықпен жұмыс ережелер: инемен жұмыс істеу, қайшымен жұмыс, үлгіні қатырма қағазға түсіру ретін есіңе сақта.
Ү. Мұғалімнің көмегі, оқушы еңбегі
1. Кальканы алып дәптерге үлгісін түсіру, қарындашпен сызу.
2. Түсті қатырма қағаз алып айналдыра сызу. Нәтижесін тексеру
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде осы ережені есте сақтау.
ҮІ. Бекіту: Бүгін не үйрендік? Жұмыс аяқталғаннан соң инені жапсырғышқа, қайшыны арнайы қорапшаға салып, жұмыс орнын жинастыру.
ҮІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқу,бағалау.
№ 3. Тақырыбы: Құрал саймандар мен жабдықтар
Көрнекілігі: құрал-жабдықтар
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.
ІІ. Өткенді қорыту: Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде қандай ережені есте сақтау керек?
ІІІ. Сабақтың мақсатын қою. Құрал саймандар мен жабдықтар
ІҮ. Жаңа сабақ. Құрал-жабдықтар. Оқу, әңгімелеу. Еңбек сабағында ұстайтын құралдар, қауіпсіздік ережесі.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу
Ү. Түсінгендерін тексеру: Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз? Қайшыны қалай ұстаймыз? Жұмыс соңында не істейміз? Ине мен түйреуішті не істейміз?
ҮІ Бекіту:Сұрақтарға жауап алу. Жұмбақтар шешу. Жауабы: қайшы, жіп.
ҮІІ Үйге тапсырма:Түсініп оқу, бағалау.
Онлайн жүктеп алу:
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар: