Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Еңбекке баулу

Еңбекке баулу пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Еңбекке баулу

Тақырыбы: Табиғаттың өзі - конструктор


Мақсаты: Оқушыларға  табиғи ғажайып құпиясымен,  табиғи материалдар қасиетімен таныстыру; танымдық қабілеттерін дамыту; еңбекке баулу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы, мақсаты.
Ү. Жаңа сабақ. Табиғат ғажайыптары көп. Құпиясы мен әсерлері жайлы әңгімелеу. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқуСуреттерге талдау
ҮІ .Түсінгендерін тексеру:Сұрақтарға жауап алу.   Табиғи материалдарға нелер жатады? Оларды сындыруға болады ма? Олар қандай?  Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек? Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?
ҮІІ. Бекіту.Суретке қарап әңгімелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:Түсініп оқу. Бағалау.

№ 2. Тақырыбы: Қайталау


Мақсаты: техникалық қауіпсіздіктерді пайдалану арқылы  табиғи материалдармен жұмыс істеуге үйрету; ойлау қабілетін дамыту; ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
ІІ. Өткенді пысықтау. Табиғи материалдарға нелер жатады? Оларды сындыруға болады ма? Олар қандай?  Табиғи материалдарды жылдың қай мезгілінде жинау керек? Мүктен, бүршіктен не жасауға болады?
 ІІІ. Мақсатын қою. Табиғи материалдардың қасиеттері
ІҮ. Жаңа сабақ: Жұмысқа кіріспес бұрын есіңе түсір:
Материал – бұйым жасалатын заттар.
 Құрал-сайман -   жұмыс істеуге қажетті заттар.
Жабдық – Жұмыс кезінде қажет болатын әр түрлі құрылғылар.
Оқулықпен жұмыс ережелер: инемен жұмыс істеу, қайшымен жұмыс, үлгіні қатырма қағазға түсіру ретін есіңе сақта.
Ү. Мұғалімнің көмегі, оқушы еңбегі
1. Кальканы алып дәптерге үлгісін түсіру, қарындашпен сызу.
2. Түсті қатырма қағаз алып айналдыра сызу. Нәтижесін тексеру
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде осы ережені есте сақтау.
ҮІ. Бекіту: Бүгін не үйрендік? Жұмыс аяқталғаннан соң инені жапсырғышқа, қайшыны арнайы қорапшаға салып, жұмыс орнын жинастыру.
ҮІІ. Үйге тапсырма:түсініп оқу,бағалау.

№ 3.   Тақырыбы: Құрал саймандар мен жабдықтар


Мақсаты:   Өзін-өзі қызмет етуге қажет құрал-жабдықтар , оларды пайдалану жолдары туралы түсінік беру.   Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Заттарды ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құрал-жабдықтар
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.
ІІ. Өткенді қорыту: Материалмен, қағазбен, матамен жұмыс істегенде қандай ережені есте сақтау керек?
ІІІ. Сабақтың мақсатын қою. Құрал саймандар мен жабдықтар
ІҮ. Жаңа сабақ. Құрал-жабдықтарОқу, әңгімелеу.  Еңбек сабағында ұстайтын құралдар, қауіпсіздік ережесі.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқуТізбектей оқу
Ү. Түсінгендерін тексеру: Қандай қауіпсіздік ережесін білеміз? Қайшыны қалай ұстаймыз? Жұмыс соңында не істейміз? Ине мен түйреуішті не істейміз?
ҮІ   Бекіту:Сұрақтарға жауап алу. Жұмбақтар шешу.  Жауабы: қайшы, жіп.
ҮІІ Үйге тапсырма:Түсініп оқубағалау.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: