Сабақ жоспарлары / Бастауыш сыныптар

2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақ тілі

Қазақ тілі пәнінең бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспарлары. 
2 - сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақ тілі

№ 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз


Мақсаты: Сөйлем және сөз туралы 1-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау.Сөздік қорларын дамыту Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: Сұрақ-жауап, іздену
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық
ІІ. Мақсат қою кезеңі: өткенді еске түсіру,  дыбыс және әріп,сөз және сөйлем
ІІІ. Оқулықпен жұмыс:  Жаттығу,суреттермен жұмыс,оқу талдау. Сөздік жұмыс жүргізу.
1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу.Қазақстан Республикасының  Конституциясы, Ата заңы қашан қабылданды?
2-жаттығу.Қазақстан Республикасының Конституциясы- Ата Заңы қашан қабылданды? ( жатқа жаттап айту).
Жазбаша жұмыс: 3-жаттығу. Өздігінен көшіріп, әр сөйлем неше сөзден тұратынын анықтап, қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.
ІҮ. Бекіту.а)4-жаттығу (ауызша) сөйлемді оқып, салыстыру. ә)Сөз туралы не білеміз?
Суретке қарап сөйлем құрауСөз бен сөйлемнің айырмашылығы. б) Ойын «Кім тапқыр»
Ү. Үйге тапсырма:6- жаттығу

№2 Тақырыбы : Дыбыс және әріп    (5-9 жаттығулар)


Мақсаты: Өткенді қайталай отырып, алған білімдерін еске түсіру,жаттығулар  орындау, Танымдық қабілеттерін дамыту.Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар
Әдісі:  сұрақ-жауап, өзіндік
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушы зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  6- жаттығу (суретке қарап әңгіме құру) неше сөйлем,қандай тыныс белгісі қойылғанын анықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Дыбыс, әріп дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп,неше дыбыс бар?( анықтап, дәлелдеу)
ІҮ.Оқулықпен жұмыс:  7- жаттығу.Өлеңді жатқа көшіріп жазу./күз, түз / сөздерінің мағынасын түсіндіру.    8- жаттығу .(әріптерді қою, сөйлем құру). «Қарындаш, таяқша, өзекше» сөздеріне дыбыстық талдау  жасау.
Ү. Қорыту.Дыбыс нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстарды ата?Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
ҮІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу. Бағалау

№3 Тақырыбы : Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар .10-14 жаттығу.


Мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды еске түсіру, алфавит туралы қайталау. Ой-өрісін, сауатын қайталау.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру,өздік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, алфавит
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. 9 – жаттығу.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Көркем жазу.  Әә     Әә    Әә   Әтеш.   
Оқулықпен жұмыс: 1) (ауызша)10-жаттығу.Оқып, дауысты дыбыстарды табу,жуан және жіңішке  дауысты дыбыстарды ажырату. 
Жазбаша жұмыс: 11 – жаттығу, мақалды жатқа жазу, Жуан дауыстылардың астын-бір, жіңішке дауыстылардың астын –екі рет сыз. 12-жаттығу, суретке қарап сөйлем құрау.
 ( тиісті әріптерді қою,дыбыстық талдау жасау)
13- жаттығуды сурет бойынша әңгіме құру, талдау, үйде өздігінен жазуға даярлау
ҮІІІ Үйге тапсырма: 13 жаттығу.Бағалау

Онлайн жүктеп алу:

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: