- Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Кезекшімен сөйлесу әрекеті.
Үйге: 79-бет, 164-165-жаттығуларды орындау. Реттік сан есім туралы түсінікті қайталап оқу. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер. Сабақтың мақсаты: Жинақтық, болжалдық сан.есімдерді меңгерту. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:
Жинақтық сан есім Ж.с.е заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Ж.с.е бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, (-еу) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Екі, алты, жеті есептік сан есімдерге –ау, (-еу) жұрнағы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы і, ы дауыстылары түсіріліп жазылады. Мысалы: екеу, алтау, жетеу. Ж.с.е ешқашан да күрделі сөз құрамында қолданылмайды. Жс.е заттанған сын есімдер тәрізді болып, зат есім мағынасында қолданылады. Мысалы: Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. (А.) деген сөйлемдегі алтау, төртеу дегендер адам ұғымында қолданылып тұр. | Болжалдық сан есім Б.с.е заттың санын дәл атамайды, болжалдап шамамен көрсетеді. Б.с.е қанша? неше? қай шамалы? деген сұрақтарға жауап береді. Б.с.е әр түрлі жолмен жасалады:
- Есептік сан есімдерге –лаған, - (леген), -даған, -(деген), -лап,(-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жиырмалаған, елулеген, мыңдаған, жүздеп, елудей, т.б.
- Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, одан кейін жатыс септіктің тиісті жалғаулары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: қырықтарда, жетпістерде, т.б.
- Есептік сан есімдердің жекеше, көпше түріне шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жақын, сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: қырық шамалы, отыздар шамасында, отыщз шақты, жүз қаралы, мыңға жуық, т.б.
| 168-жаттығу. Шығармашылық деңгей тапсырмасы. Екеу, үшеу, төртеу боп ойнайтын ойын түрлерін естеріңе түсіріңдер. Жинақтық сан есімді қатыстырып, өздерің білетін ойындар туралы сөйлем құрастырып жазыңдар. 169-жаттығу. Оқушылық деңгей тапсырмасы. Берілген есептік сан есімдерден болжалдық сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазыңдар. Үлгі: жүздеген, жүзге жуық, жүз шақты, жүздеп, ... 100, 60-, 10, 150, 16-17, 25, 2000, 15 000. 170-жаттығу. Оқушылық деңгей тапсырмасы. Сөйлемдерді көшіріп жазып, болжалдық сан есімдердің жасалу жолына көңіл бөліңдер, оларға сұрақ қойыңдар. Үлгі: он шақты-қанша? он деген есептік сан есіммен шақты сөзінің тіркесуі арқылы жасалып тұр. Сұрақ –жауап:
- Біз бүгін сабақта нені білдік?
- Жинақтық және болжалдық сан есімдер дегеніміз қандай сан есімдер екен?
Үйге: 81-бет, 167-жаттығуын және 82- беттегі 171-жатығуын орындау. Жинақтық және болжалдық сан есімдер. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. |