- Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Кезекшімен мәліметі.
Үйге: : 95 бет, 197 –жаттығу. жаттығуларды орындау. Ереже қайталау.
- Кім? деген сұрау есімдігін тәуелдеу, жіктеу, септеу.
- Тақтадағы мақал – мәтелдер мен нақыл сөздерді оқиық:
- Өзің жәбір көрсең де, кісіге қиянат жасама.
- Өзім деген жігіттен сақ болғайсың.
- Балам абзал олсын десең, өзің адал бол.
- Жігіт өз үйінде сыйлы болмай, елге қадірлі болмайды.
- Кісі елінде күркірегенше,
Өз еліңде дүркіре.
- Өз үйім - өлең төсегім.
- Отанға опасыздық еткенің –
Өз түбіңе жеткенін.
- Осы нақыл сөздерді оқығанда қандай ерекшелікті байқадыңдар?
- Дұрыс, өз деген сөз бірнеше рет қайталанып тұр.
- Осы өз сөзі қай есімдікке жатады?
- Дұрыс. Өз сөзі атында айтылып тұрғандай өздік есімдігіне жатады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Өздік және жалпылау есімдіктері. Сабақтың мақсаты: өздік және жалпылау есімдіктерімен танысу. Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі: Өздік есімдігіне бір ғана өз сөзі жатады. Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік текжекеше, көпше түрде тәуелденіп, содан соң септеліп, жіктеліп барып қолданылады. Мысалы: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздерің, өздері, өзіммін, өзіңсің. Өздік есімдігінің септелу үлгісі
Септік | өзім | өзің | өзіңіз | өзі | Атау | өзім | өзің | өзіңіз | өзі | Ілік | өзімнің | өзіңнің | өзіңіздің | өзінің | Барыс | өзіме | өзіңе | өзіңізге | өзіне | Табыс | өзімді | өзіңді | өзіңізді | өзін | Жатыс | өзімде | өзіңде | өзіңізде | өзінде | Шығы | өзімнен | өзіңнен | өзіңізден | өзінен | Көмектес | өзіммен | өзіңмен | өзіңізбен | өзімен | Өз есімдігі зат есімдерге анықтауыш болып тіркесе береді, бірақ оның қосымшалары көбінесе түсіріліп айтылады.
Жекеше: | Көпше: | І ж. Өз кітабым ІІж. Өз кітабың С.т өз кітабыңыз ІІІж. Өз кітабы | Іж. Өз кітаптарымыз ІІж. Өз кітаптарың С.т Өз кітаптарыңыз ІІІжд. Өз кітаптары
| Өз есімдігімен жіктеу есімдіктері тіркесіп те қолданылады.
Жекеше: | Көпше: | І ж. Мен өзім ІІж. Сен өзің (с.т) Сіз өзіңіз ІІІж. Ол өзі | Іж. Біз өзіміз ІІж. Сендер өздерің С.т Сіздер өздеріңіз ІІІжд. Олар өздері | Жалпылау есімдігі Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар, мүллі. бүіл, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Жалпылау есімдіктері жинақтау, жалпылау мағыналарын білдіреді. Мысалы: Сен бүкіл ауданның даңқын бір көтердің. Жалпылау есімдіктері сөйлемде, әдетте анықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы: Бар жұрттың көңілі көтеріңкі. Кейбір жалпылау есімдіктеріне сөйлем ішінде ара –тұра көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанады, бірақ олар жіктелмейді. Мысалы:Мен саған, Кәкітайға да, баршаңа да ағам үшін алысыңдар деймін. Бұл жиналысқа бәріңіз келіңіздер. Жазба жұмысы: Күллі, барлық, түгел есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құраңдар. 200-жаттығу. Оқып шығып, жалпылау есімдігін табыңдар. Бекіту жауап: -Біз бүгін сабақта нені білдік?
- Өздік есімдігі жайында не айтасыңдар?
- Жалпылау есімдіктері нені білдіреді?
Үйге: 95 бет, 197 –жаттығу. жаттығуларды орындау. Ереже қайталау. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. |