- Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Кезекшімен мәліметі.
Сұрақтар:
- Қандай сөз табы сын есім деп аталады? Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтіріңдер.
- Есімдерден сын есім тудыратын қандай жұрнақтарды білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
- Етістіктерден сын есім тудыратын қандай жұрнақтарды білесіңдер? Мысал келтіріңдер.
- Сапалық және қатыстық сын есімдер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- Дара және күрделі сын есімдердің қандай айырмашылығы бар? Мысал келтіріңдер.
- Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріңдер.
Жаңа сабақ. Сан есім туралы түсінік. Біздің сыныпта отыз оқушы бар. Олардың бесеуі оқуды үздік оқиды деген сөйлемдердегі отыз, бесеуі деген сөздер заттың сан мөлшерін білдіріп тұр. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер с а н е с і м деп аталады. Сан есімдер неше? нешеу? нешінші? қанша? деген сұрақтарға жауап береді. Дара және күрделі сан есімдер. Сан еімдер құрамына қарай екіге бөлінеді: дара күрделі Дара сан есімдерге негізгі,туынды сан есімдер жатады. Мысалы: он, жиырма, бес, алтау, сексен, жүз, мың, тоғыз, миллион, миллиард, алпыстаған, үшінші,т.б. Күрделі сан есімдерге екі не одан да көп сөздің тіркесінен және қосарланған сөздермен жасалған сан есімдер жатады. Сөздердің тіркесіненжасалған күрделі сан есімдер бөлек жазылады. Мысалы: он бес, жетпіс алты, бір жүз отыз, тоғыз жүз елу төрт, екі миллион бес жүз қырық бес, он төртінші, т.б. Сөздердің қайталануы және қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис арқылы жазылады. Мыс: бір-бірден, екі – екіден, үш – төрт, отыз – елу, алпыс – жетпістей, бес – алты, т.б. Тапсырмалар орындау.
- Цифрмен жазылған сан есімдерді дұрыс атап, жазумен жазыңдар:
20,162, 4, 52, 30, 27, 368, 2-3, 1682, 12606, 3000, 15, 784, 10-13, 0, 5, 1, 8, 50-60, 40-таған. 1 2/1.
- Мәтінді оқып шығып, сан есімдерді тауып, цифрмен жазылғынды сөзбен, сөзбен жазылғанды цифрмен жазыңдар.
- ² Еңбек етуді арадан үйрену керек. Олар күні бойы тыным таппай, гүлден-гүлге ұшып-қонып, шырынжинайды. Бір-килограмм бал жинау үшін, араға қанша еңбек ету керектігін сендер білесіңдер ме? Ол үшін он тоғызмиллион гүлге қонып, 300 000 шақырым жерді шарлайды. Яғни Алматыдан Мәскеугек 30 000 рет ұшып барып келії керек деген сөз. Бал арасы осындай еңбеккер келеді.
- ² Ағаштың ең сусамыры – терек. Күніне орта есеппен 85 литр су сіміреді. Ал жөке осы мерзімде – 66, қайың – 60, шырша – 13, қарағай бар болғаны 9 литр су сіміреді.
- Сандарды сөзбен жазып, оларды дара, күрделі түріне ажыратыңдар.
Үлгі: дара сан есімдер: алты … күрделі сан есімдер: он сегіз … 6, 18, 342, 1987 жыл, 50 – 60, 0, 5, 4893, 689.
- Мәтінді оқып шығып, күрделі сан есімдерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
- ² Кит – ең ауыр жануар. Бұлардың ішінде, әсіресе, ең үлкені – көк кит. Жалпы киттің ұзындығы – 33 метр, салмағы 120 тоннадай болады. Кит салмағы жағынан 25 пілге немесе 120-150 өгізге пара – пар келеді. Ірі киттің жүрегінің салмағы 6000 -8000 килограммға дейін барады.
-Сан есім дегеніміз не? т.б. Үйге: 78 бет,162-163 – жаттығуларды орындау. Сан есім туралы түсінікті қайталап оқу. Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау. Сабаққа ынтасы төмен оқушыларға жекелеме тапсырмалар беру. |