Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып-үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу
Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасау.
Мақала арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздерді орынды қолдануға,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, баяндау, түсіндіру, с.т.о(сыни тұрғыдан ойлау) стратегиясы.
Сабақтың жабдығы: слайд, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: қайталау сұрақтары
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Жаңа сабақ. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері.
Ой шақыру.Жаңа тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қою.
1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)
3.Қыстырма сөйлем дегеніміз не?
4.Қаратпа сөз дегеніміз не?
5.Одағай сөз дегеніміз не?
6.Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
7.Айқындауыш мүше дегеніміз не?
8.Төл сөз дегеніміз не?
Слайд бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.
1. 155-жаттығу. Көшіріп жазып,үтірлерін қойылуына назар аудар.
2.«Қазақ тілінің мұңы» .Мәтінмен танысу, түсінгенін айту, қазіргі заманмен салыстыру,тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтау.
Мен заманда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Жардай соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын.
Жасыдым, мұңалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, бұлдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келетіндер де бар. Өліде үш бақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет (Байтұрсынұлы. Ред.) деген кісіден ғана естідім.
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия). Сұрақ – жауап.
1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2. Үтір қандай жағдайда қойылады?
3.Карточкамен жұмыс
1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой.
2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар.
3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.
Үйге тапсырма беру: 156-жаттығу.Үтірдің қойылу себебін анықта.Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді табыңдар, тәуелдік, жіктік жалғауларын табыңдар.
Бағалау: оқушыларды білім деңгейіне сай бағалау.

- Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
- Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді.
- Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында.
- Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты.
- Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
- Нүктелі үтір (;) Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді.
- Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.
- Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.
- Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің.
- Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады.
1. 155-жаттығу. Көшіріп жазып,үтірлерін қойылуына назар аудар.
2.«Қазақ тілінің мұңы» .Мәтінмен танысу, түсінгенін айту, қазіргі заманмен салыстыру,тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтау.
Мен заманда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Жардай соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын.
Жасыдым, мұңалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, бұлдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келетіндер де бар. Өліде үш бақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет (Байтұрсынұлы. Ред.) деген кісіден ғана естідім.
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия). Сұрақ – жауап.
1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2. Үтір қандай жағдайда қойылады?
3.Карточкамен жұмыс
1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой.
2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар.
3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.
Үйге тапсырма беру: 156-жаттығу.Үтірдің қойылу себебін анықта.Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді табыңдар, тәуелдік, жіктік жалғауларын табыңдар.
Бағалау: оқушыларды білім деңгейіне сай бағалау.
Пікір қалдыру (0)
Пікірлер:
Ұқсас жаңалықтар:
Басқа жаңалықтар:
Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып
Сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері - Қазақ тілі, 9 сынып
Тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қолдану негіздері - Қазақ тілі, 9 сынып