Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Тілдің мәні мен қызметі - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тілдің мәні мен қызметі.
Тілдің мәні мен қызметі - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты: Тіл туралы алған білімдерін толықтырады.
Міндеттері:
  • Тіл туралы өз ойларын еркін жеткізеді.
  • Сөздік қорын байытады.
  • Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі, тыңдайды, 
бір-бірінің ой-пікірін сыйлауға үйренеді.
Бағалау:
-талқыланып отырған мәселе жөнінде өз ойын еркін жеткізе білуі
-өз бетімен жұмыс жасауы.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, “РАФТ”, “Автор орындығы”.
Көрнекіліктер: Ақ плакаттар, түрлі-түсті маркерлер,скотч.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту. 
“Негізгі идеяны суреттеу” стратегиясы
1. “Негізгі идеяны суреттеу” стратегиясы бойынша тіл туралы не білетіндерін қағаз бетіне түсіру. (2 минут)
2. Шағын топқа салу. Плакат арқылы ойларын шығару. (4 минут)
3. Орталарынан 1 спикер шығарып, плакатқа жазғандарын қорғау. (6 минут)

ІІ. Мағынаны тану.
РАФТ стратегиясы.
Кесте сызу. 
Кесте оқушылардың айтуы бойынша толтырылады. (2 минут)
ТақырыптарКім жазды?Кімге, неге жазды?Не жазды?
“Тіл – асыл мұра”
“Ана тілім-ардағым”
Оқушы 
Мұғалім
Ата-ана
Ғалым
Археолог
Газетке
Журналға
Оқулыққа
Мақала
Очерк
Пікір т.б.

Кесте толтырылып болған соң оқушыларға тақырып таңдау ұсынылады.
Кім? Кімге? Не туралы? Не жазды?
Осы тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын жазады. (10 минут)
Жұмыс өнімдерін шағын топқа салып, ең жақсы жазылған өнімдерін “Автор орындығына” шығару.
Ойашар.
Тіл туралы мақал-мәтел, қанатты сөздер айттыру.
ІІІ. Ой толғаныс.
“Бес жолдық өлең құрастыру”стратегиясы.
“Ана тілі” тақырыбында бес жолды өлең құрастыру.
Қорытындылау.
Бағалау.
Бағалау парағы.
Топтағы оқушылардың атыБағалау критерийлері
Жеке жұмысыТоптаСпикерРАФТБес жолды өлең құрастыруҚорытынды бағасы

Үйге тапсырма: “Тіл - тірлігімнің айғағы” оқырмандар коференциясына дайындалып келу.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: