Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Тыныс белгілерден өткенді қайталау, сауаттылыққа баулу - Қазақ тілі, 9 сынып

Сбақтың мақсаты: Тыныс белгілерден өткенді қайталау, сауаттылыққа баулу.
Тыныс белгілерден өткенді қайталау, сауаттылыққа баулу - Қазақ тілі, 9 сынып

Түрі: сынақ сабақ.
I-нұсқа
    1-тапсырма. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіре отырып, мәтінді жазылу ретін сақтап көшіріп жаз.  
    Бұлардың құшағы гүлге толды Күн сәскеге көтерілді Қыздар тау биігінен ойдағы шахтерлар поселкесіне қарады Өзен бойын жағалай салған үйлердің арасында толған адам Біреудің әлдене деп айқайлаған даусы шығады Әй қыздар қыздар ау енді жетеді қайтайық деп айқайлады Нұрби Қайтайық жүр кеттік Қыздар жапа-тармағай таудан төмен қарай бет алды Поселкеден әлдекімнің айқайы тағы естілді Қыздар тұра қалып құлағын тосты Не дейсің қатты айқайла Бұл қыздардың даусы еді Таңертеңгі таза ауада таудағы дауыс бұрынғыдан екі есе жаңғырығып бүкіл таудың кең кеудесін дірілдетіп барып бірақ тоқтады Жеңіс Бұл сөзді қыздар бірден түсінбеді Қайталап айт Тау да қайталап Қайталап айт  деп барып тоқтады Жеңіс Жеңіс Қыздар енді ұқты Құлаған сүрінгеніне қарамай ылдиға қарай домалай жөнелді
                                                                                       (С. Бақбергенов.)
2-тапсырма. а)Мәтіннен  тыңдау, түсіну, ұқпау сөздерінің синонимдерін тап.
    ә) Мәтіннен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, тура мағынасын 
3-тапсырма. «Қуанышты» сөйлемдер қалай жасалатынын түсіндір. (Бұл тапсырманы да оқушы жазбаша орындайды.)
4-тапсырма. Кітаптың (көп кітап) суретін салып, сұрау белгісін (?) қойып қою керек, оқушы сол бойынша әңгіме құрап, оны сұрақ-жауап түрінде жасайды.
Үйге: тыныс белгілердің емлесін қайталау.

II-нұсқа
    1-тапсырма. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін еске түсіріп, мәтінді жазылу ретін сақтап көшір.
    Кім бар-ау деп дауыстады Нұрмолда Нұрмолда төрт керегелі аядай қараша үйге иіліп әрең-әрең енді Мұқажанның келіншегі Жұлдыз болса орнынан жалма-жан тез тұрып, іргеге қарай ығыса түсіп, иіліп сәлем етті Келін қалқам сау-саламат па деді Нұрмолда Шүкір деген сөзді естілер-естілмес етіп Жұлдыз әрең айтты Қонақ төр алдында төсеулі жатқан екі бүктеулі алабажақ шыт көрпенің үстіне отырды Ал балалар қайда Мұқажан келін екеуің ғана ма жайлауда Балалар ауылда Оқитыны бар шығар Екеуі оқиды Қанша балаң бар Жетеді аға Бесеу-алтау Өте жақсы екен Мырзабай марқұмның тұқымын көбейтіп жатырмын де, дұрыс дұрыс ақ
(С. Бақбергенов.)
2-тапсырма. 1. Мәтіннен кішкентай, ұрпақ, кіру сөздерінің синонимдерін тап.
2. Азайту, қате сөздерінің антонимдерін көрсет.
    3-тапсырма. Жауап алу, білу мақсатындағы сөйлемдер қалай жасалатынын түсіндір. (Бұл сұраққа да оқушы жазбаша жауап береді.)
4-тапсырма. Гүл. Гүл алаңы бейнеленген сурет. Қасында леп белгісі тұр. Адамда соған қарап таңғалу, қуану, сүйсіну сезімі болады ғой. Соны жазып көрсет. Тілдік тәсілдердің қайсысын қолданасың? Бұлардың қайсысынан соң леп белгісін қоясың?
    Үйге: тыныс белгілердің емлесін қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: