Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Туған жерім - Қарағанды - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Туған жерім - Қарағанды
Туған жерім - Қарағанды - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты: Қарағанды қаласының бүгінгі бейнесін көркем тілде суреттеп, айта білуге үйрету. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, сөздік қорын молайту.
 Туған қаласының әдемілігін бағалай білуге үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Тіл дамыту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдістер: көрнекілік пайдалана отырып баяндау,
ізденіс, топтық әдіс, сын тұрғасынан ойлау әдісі, сөздік жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Қарағанды туралы фотосуреттер, жаңа сөздер
 жазылған плакат, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Аудирование. Қарағанды қаласының әнұранын тыңдау.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мәтінмен жұмыс істеп, өздерің ізденіп, шығармашылық қасиеттерін
көрсетіп, біздің қаламыздың сұлу бейнесі туралы айта білу.
3. Топпен жұмыс істеу
I-т. Төмендегі берілген сөздермен  сөйлем соңында келетін тыныс белгілерді қатыстырып сөйлем құраңдар:өңделген, буын, әмбебап, шоқжұлдыз, ересектер. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.
II-т. «С.Сейфуллин атындағы драма театрында» тақырыбында мәтін құрастыр, сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілерді қатыстыр.
III-т. «Қарағанды  обылысындағы экологиялық жағдай» тақырыбында ой толғау жазыңдар. Құраған мәтіндеріңде тырнақша, жақша, сызықша тәрізді тыныс белгілердің болуына мән бер.

4. Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен танысу. Қарағанды қаласы туралы бейнесюжет көрсету.
2. Мәтінмен жұмыс. Топпен жұмыс.
I-т. Біздің қаламызға келген қонақтарға арнап Қарағанды қаласы
туралы қабырға газетін шығарындар. Плакатқа суреттерді

 жапсырып, мәтінге сүйіне отырып, суретке байланысты сөйлем
құраңдар.
II-т.Қарағандылықтарға айтатын тілектеріңді айтып келтіріндер.
III-т. Қарағанды қаласы туралы 5 тармақты өлең құрастырыңдар.

5. Үй жұмысы: 1. « Туған жерім – Қарағанды» немесе «Қарағанды
10 жылдан кейін» тақырыбына эссе жазып келу.
6. Қорытынды: 1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2.Бүгінгі сабақта жаңадан не білдік?
3. Қандай қиындықтар болды?
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: