Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Біріңғай мүшелерге, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Біріңғай мүшелерге, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір.
Біріңғай мүшелерге, оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сөйлем ішіне қойылатын тыныс
                               белгілерді жетік меңгеруге, өз ойын сауатты жазуға
                               ықпал ету. Біріңғай мүше мен оңашаланған
                               айқындауышты ажырата алуға үйрету.
                                Қарапайым, өміршең мысалдар арқылы білім
                               негіздерін жүйелі қабылдауға мүмкіндік туғызу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі,танымдық сабақ.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,ой тастау,топтастыру,шығармашылық ізденіс тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-кестелер, пікір парақшасы,плакат.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
                               Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы тексеріледі.
                             Берілген ой-түйіндер:
1.Бар жақсылықтың басы-тіл.(М.Қашқари)
2.Шын сөз-бал, жалған сөз-жуа. (А,Йүгінеки)
3.Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.(Абай)
2. Сабақ мақсатымен таныстыру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру Ой тудыру.  Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздерге және біріңғай мүше  мен айқындауыш мүшелерге байланысты қойылады.


Тәжірибе жұмыстары.
157-жаттығу(ауызша).
Мәтінді оқып, үтірдің қойылу себебін анықтаңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
160-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, біріңғай мүшелерді табыңдар. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.Сингармонизм заңдылығына бағынбайтын сөздерді түсіндіріп , себебін айтыңдар.
161-жаттығу. Біріңғай мүшелерді тауып , қажет жеріне үтір қойып көшіріңдер.
169-жаттығу.
Оңашаланған айқындауыштарды тауып, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
Сабақты бекіту үшін топтастыру жұмысын жүргіземіз.



Бағалау: оқушылардың білім деңгейіне қарай бағалау.     
Үйге: 163-жаттығу.1.Сөйлемдерді мүмкіндіктерінше біріңғай мүшелермен  толықтырып жазыңдар.2. Біріңғай мүшелі сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңдар.Айырмашылығы неде?
170-жаттығу.1.Біз, біздер, ауылдастарым,заман сөздерін бастауыш етіп сөйлем құраңдар.2.Кеше, жазда, өткен айда, демалыс күні, былтыр сөздерін айқындалатын мекн пысықтауыш етіп сөйлем құраңдар.
3.Туған ауылда, қонақта, саяхатта, сабақта сөздерін айқындалатын пысықтауыш етіп сөйлем құраңдар.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: