Сабақ жоспарлары / Физика

Бақылау жұмысы. №1. - Физика, 9 сынып, 14 - сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы. №1.
Бақылау жұмысы. №1. - Физика, 9 сынып, 14 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
1.     Білімділік мақсаты: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерінің нақтылығын, меңгерілу дәрежесін айқындау; жұмысты орындау барысында дайындық деңгейлерін анықтау.
2.     Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3.     Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, 

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.  

Кинематика негіздері тарауы бойынша бақылау жұмысы.

І нұсқа.

1. Автомобильдің жылдамдығы 10 с ішінде 18-ден 54 км/сағ-қа дейін артты. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің графигін құрыңдар. 
2. Материялық нүктенің қозғалысы мынадай теңдеумен  берілген: x=4t+0,6t2. Берілген жағдай үшін υx= υx(t) тәуелділігін жазыңдар. Осы тәуелділіктің графигін құрыңдар.
3. Тыныштық күйінде 0,5 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль 20с ішінде қанша жол жүреді?
4. Дене радиусы 40 м шеңбер доғасының бойымен қозғалады. Оның 20 с ішінде бұрылу бұрышы 2 радианға тең. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы мен жүрген жолын табыңдар. 

ІІ нұсқа.

1.     Велосипедші  еңіске қарай 0,2 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 3 м/с-қа тең болса, 30 с өткенде, оның жылдамдығы  қандай болады?
2.     Поездың жылдамдық алып қозғала бастаған кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі υx =15+0,25t теңдеуімен берілген. Жылдамдықтың графигін құрыңдар және поездың жиырмасыншы секундың аяғындағы жылдамдығын табыңдар.
3.     2 м/с бастапқы жылдамдықпен қозғалған ден 10 с ішінде 0,4 м/с2 үдеу алады. Осы уақыт ішінде қандай жол жүреді?
4.     Егер автомобильдің радиусы 30 см доңғалағы 5 с ішінде 50 айналым жасайтын болса, оның қозғалу жылдамдығы қандай?

ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §1-15 қайталау.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер:

Басқа материалдар: