Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Дара және күрделі сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 14 - сабақ

Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сөздер
Дара және күрделі сөздер - Қазақ тілі, 6 сынып, 14 - сабақ

Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік – морфология туралы түсінік бере отырып, дара сөздер мен күрделі сөздер туралы түсінік беру.
ә)Дамытушылық –Сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіріп, дұрыс сөйлеуге машықтандыру;
б) Тәрбиелік – балаларды  кішіпейілділікке, адамгершілікке,  ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға   тәрбиелеу.
Сабақтың түрлері:Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, тақырыпқа арналған кеспе карточкалар
Сабақ барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі        2-3 мин.
*Сәлемдесу рәсімі;
*Оқушыларды түгендеу;
*Сыныптың тазалығын тексеру;
*Зейіндерін сабаққа аудару.
  1. Үй тапсырмасын пысықтау 
А)Түбір деген не?
Ә)Қосымша деген не?
Б)Түбір мен қосымшаларды қалай ажыратамыз?
В) Жаттығуларды тексеру.
3.Жаңа тақырып: Дара сөздер мен күрделі сөздер.
А)тақырыптың аты жазылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
Мұғалімнің сөзі: Сөздің бастапқы мағынгалы бөлшегін түбір деп атайды.
 Мысалы: терезе, домбыра, ел, ақ, он, қанат т.б.
Түбірдің ерекшеліктері: 
1.Сөздің мағына беретін бөлшегі;
2.Қосымша жалғанбай-ақ мағынасы болады;
3. Қайталанып та /айта-айта, көре-көре/, қосарланып та /тау-тау, ата-ана/, бірігіп те /тасбақа, бүгін/, тіркесіп те /тас жол, ақ сары, қара торы/ жұмсала алады.
4. Түбірге бір немесе бірнеше қосымша жалғанса да, мағынасын сақтайды. Мысалы: апа+лар+ымыз+ға, жол+дас+тық+тың.
Сөздің түбіріне қосылып,оған қосымша мағына үстейтін бөлшек қосымша деп аталады.


3. Оқулықпен жұмыс: 75-жаттығу:Төмендегі сөздердің қайсысы дара қайсысы күрделі сөз екендігін ажыратып сызбаны толтыр.


76-жаттығу: Күрделі сөздер түрлеріне мысалдар жазу.
Жезқазған қаласында мыс өндіріледі. Менің ағам ҚазҰТУ-дың жоғарғы курсында оқиды. Ата-анаңның тапқан еңбегін оңды-солды жұмсай беруге болмайды.Дүкеннің алдында қара жұрт қаптап кетіпті.


  1. Оқушыларға таратпа карточкалар беріледі:
№1 кеспе қағаз
Өлеңді дәптерге көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. Түбір мен қосымшасын ажырат.
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз» деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,-
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің.    («Шешендік сөздер» кітабынан, 142 бет)
№2  кеспе қағаз
Мына біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Шекара
Аққұтан
Жолбарыс
Қалжыңбастар
№3 кеспе қағаз
Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс, аң, өсімдік, жер атауларын білесіңдер. Үлгі бойынша жалғастыр.

ҚұсАңӨсімдікЖер
КөкқұтанАқбөкенАлаботаТалдықорған
  1. Сабақты қорытындылау үшін  “Бәйге сұрақтары”  /үш қатар бойынша/
 1- қатар
1)Сөзден сөз тудыратын қосымша (жұрнақ)
2)Затың аты білдіретін сөз табы (зат есім)
3) Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
4)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?  (9)
5) Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөз (біріккен сөздер)
6)Заттың сынын білдіретін сөз табы (сын есім)
7)Байжан, Ақтөбе, Бадам сөздері зат есімнің қай түріне жатады?(жалқы есім)
2-қатар
1)Қайта-қайта, көре-көре қос сөздің  қай түрі (қайталама)
2)Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөз ( туынды)
3) тасбақа, алабота, Жезқазған сөздерінің құрамдық түрін анықта (күрделі)
4) Көзге көрінбегенмен,  адамның ойлауы нәтежиесінде танылатын құбылыс, ұғым атаулары (дерексіз зат есім)
5) Хан, сарбаз, ханша қандай сөздер? (тарихи сөздер н/е көнерген сөздер)
6) Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына жауап беретін Сөйлем мүшесі?(баяндауыш)
7) Дауысты дыбыс жақ қатысына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге – ашық, қасық)
3-қатар
1)Морфология нені зерттейді (сөз құрамын)
2) «Көз қорқақ ,  қол   батыр»   мақал   әлде   мәтел ?                        (Мәтел
3) Мағанасы қарама- қарсы сөздер (антонимдер)
4)Қандай? қай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)
5) –ның, -нің,-дің,-дің қай қосымша  (ілік септік)
6)Ауыл- аймақ, үлкен-кіші қос сөздің қай түрі? (қосарлама қос сөз)
2)Күзетшілік  тұлғасы жағынан қандай сөз?  Туынды сөз)
7)  Сөздердің    дұрыс    айтылуы   қандай    заңдылыққа   бағынады  (орфоэпиялық)                
  1. Үйге:Өткен тақырыптарды қайталау.
Берілген күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
  1. Бағалау.

Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: