Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер. Көп нүкте 
Сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілер - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сұрау белгісіне ,көп нүктенің ой аяқталмай қалған кезде, алынған цитаталардың басынан не соңынан сөйлем не сөз қалдырылса,   сөйлеушінің ойының бөлініп, дауыс ырғағында үзіліс болған жағдайда, айтылып жатқан ойға күтпеген ой араласса тарихи деректердің ескіріп,  жойылып кеткен тұстарына қойылатынын меңгерту.  Саутты жазуға баулу, пунктуациялық норма жөніндегі дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу мәнерін , сөйлеу тілдерін жетілдіру.Адамгершілік қасиеттер жақсы мен жаманның арақатынасын ала білуге , оның халық даналығындағы өлшемі қандай дегенді аңғаруға, халықтың сөйлеу мәнерінен үлгі алуға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап , әңгіме, топтық.
Көрнекілік :»Синонимдер сөздігі», оқулық, сызба, интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақтың түрі:практикум.
Сабақтың барысы :1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Жаңа сабаққа әзірлік .Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеті төмендегідей:-тыныс белгілерін дұрыс танып оқи білу;
-сұрау белгісінің қойылу себебін білу;
-сұрау мағынасының көрсеткіштерін еске түсіру;
-көп нүктенің қойылу себебін білу;
-мәнерлі,көркем оқуға жаттығу;
-әдемі айтуға,сөйлеуге жаттығу.
     Мұғалім сұрақ қояды.
1.Шешендік сөздер деп ауыз әдебиетінің қандай түрін айтады?
2.Шешеендік сөздердің қандай түрін білесіңдер?
3.Шешендік сөздерден қандай идеяны байқайсыңдар?
4.Тарихта белгілі шешендерді білесіңдер ме?
Кестемен жұмыс:Сұраулы сөйлем қолма-қол жауап беруді қажет етеді.Ендеше сұрақ белгісі қойылатын сөйлемдер мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді.
МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Қарсы сұрақАшық сұрақРиторикалық сұрақТаңырқаулы сұрақКүмәнді сұрақ
-Е,бала ,билік айта аласың ба?
-Е,айтпайтын несі бар?
-Ауылыңның үлкені қайда?
-Үлкеніміз мынау,-деп түйені көрсетіпті.
-Саңылаусыз наданды
Болар ма екен жан деуге?
-Менің соған бермейтінім болар деймісіз?Енді көрер күн болар ма екен?
СҰРАУ БЕЛГІСІ. Қойылатын орындары.
Сұраулы сөйлемдерден к ейін қойыладыСұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін қойыладыСұрау белгісі кейде сөйлемдегі бар сөздің мәні екіұшты боп ,күмән тудырғанда қойылады.Жақшаға алынады.
Мысалы:Амансың ба?Мысалы:Адам ба?Аң ба?Бұта ма? Көзім жетпей тұр.М:Тарта берер алдыға ,ұмтыла берем балаша?
ЖАСАЛУЫ:
Кім?не?қандай?қай?
т.б.сұрау есімдіктері қатысуымен жасалады .М:Бұл кім?
Ма,ме,ба,бе,па,пе
Сұраулық шылаулары сұрақ мәнін үстейді. М:Келді ме?
Шығар,болар,
Қайтеді сөздері баяндауыш құрамында келіп жасалады.
М:Келген шығар.
Баяндауыш құрамында 
-ғой,-ау,демеулік шылаулары мен 
ә одағайы келіп сұрау мәні үстеледі.
М:Ұнатпайсың,ә?
Ой аяқталмай немесе бір ой келесі оймен байланысқа түспей    шашы-раңқы айтыл-ғанда көп нүкте қойылады. 
Мыс: Сен келгенде...
Ә ,оны айту міндетті емес.
Алынған цитатаның не алды, не соңы-нан өзге де мысалдарда сөйлем не сөз қалдырылған жағдайда көп нүкте қойыла-ды.
Мыс:...Ыстық қой, шіркін, туған жер!...  
Сөйлеушінің көңіл-күй әсе-рінен қысылып, ойы бөлініп, дауыс ырғағына үзіліс болған жағдайда көп нүкте қойыла-
ды.
Мыс: Сен мені ... мен... мен... сені ...дос ретінде түсіне алмадым... кешір, - деді ғой.
Айтылып келе жатқан ойға күтпеген алшақ жатқан ой қосылып кетсе, алды-нан көп нүкте қойылады.  
Мыс: Сол жылы қы-зылшадан көп өнім алдық. ... Жарықтық балажан еді ғой.
Тарихи, ғылыми деректердің қол жазбаларында жойылып кеткен түсініксіз тұс-тары  болғанда көп нүкте қойылады. Мыс: 
VII- сізлерге беремін туртум, дой еді... 
Тәжірибе жұмыстары
128-жаттығу.
Тапсырманы топқа бөліп орындаңдар:
  1. Сөйлемдерді оқып, «сұратушы» сөздерді теріп жаз.
  2. Сұраулы сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтаңдар.
  3. «Ойран,көкей» сөздерінің синонимін тауып жазыңдар.
І топ.129-жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңдар.
ІІ топ. 130-жаттығу. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
ІІІ топ.131-жаттығу. Берілген сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.
132-жаттығу.Тапсырманы топқа бөліп орындаңдар.
І топ.Шешендік сөздерді рөлге бөліп оқыңдар.
ІІ топ.Шешендік сөздің идеясын ашуда сұраулы сөйлемдердің рөлі қандай?
ІІІ топ.Сұрақ-жауапқа негізделген қандай шешендік сөздерді білесің, мысал келтір.
Шығармашылық тапсырма.
1-нұсқа. 1) Көп нүктенің қойылатын орындарының әрқайсысына екі             
                   мысалдан ойлап жазу. 
                2) Екі адамның ортасындағы диолог жаз. Көп нүктелі сөйлемдердің                                                
                  көп болуына мән бер. 
                  3) 149-жаттығу . Мәтінді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін 
                   түсіндіріңдер.Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
2-нұсқа. 1) Көп нүктенің қойылатын орындарының әрқайсысына екі 
                мысалдан ойлап жазу. 
                 2) «Ыстық қой, шіркін, туған жер!...» тақырыбында ой толғау жазу. 
                     Сөйлемдерде көп нүктенің болуын ойластыр. 
                 3) 150-жаттығу.Тиісті тыныс белгілерін қойып , көшіріп жазыңдар.
Бекіту үшін: «Демалыс күні», «Театрға бару», «Бейнелеу өнері мұражайында»  тақырыптарына сұрау мәді сөздерді қатыстырып, мәтін жазу.
Оқушылардың блімін бағалау .
Үйге : 134, 136-жаттығулар.
Көркем әдебиеттерден көп нүкте қойылған сөйлемдерді тауып жазып келу, жасалу жолын айту. 
 Өзің қалаған тақырыпта ой толғау жаз, жазған сөйлемдеріңе көп түктені қатыстыр.
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: