Сабақ жоспарлары / Қазақ тілі мен әдебиеті

Төл сөздің тыныс белгілері - Қазақ тілі, 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері - Қазақ тілі, 9 сынып

Мақсаты: 1. Төл сөздің тыныс белгілерін толық біліп, төл сөз бен автор сөзінің орындарының өзгеруіне қарай тыныс белгілері қалай өзгеретінін білу, жаттығу.
    2. Осы тыныс белгілерін өмірде қалай пайдалануға болады.
    3. Қиындықтарды жеңу арқылы таланттың ашылуына жол ашылатынын байқау.
    Сабақта пайдаланылатын стратегиялар:
    а) ой қозғау;
    ә) білемін, білгім келеді, үйрендім;
    б) ой толғау;
    Сабақтың өтілу барысы.
    1) Ұйымдастыру кезеңі.
    2) Үйге берілген тапсырманы тексеру.

БілемінБілгім келедіҮйрендім
Төл сөз туралы білетінін жазады. (Үйге берілген тапсырманы қайталау мақсатында пайдалану)1)Ой қозғау белгілерінің қолдану орынын тоық меңгергім келеді.
 2)Өмірде пайдаланып жаттыққым келеді.
Төл сөздің тыныс белгілерінен осы сабақта не үйренгенін жазады.
  1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс (мағынаны тану кезеңі).
а) Сабақтың мақсатын анықтап алу.
1. Тырнақша қашан қойылады?
2. Сызықша қалай қойылады? Қос нүктенің орнын білу.
3. Үтір, сұрау белгісі, леп белгісі қалай пайдаланылады?
Осы сұрақтарға толық жауап алу.
2. Қойылған мақсатқа баланысты нақты жауап іздеп табу. Кітаптан оқып түсіну. Топтық жұмыс, түсінгендерін бір-біріне айту.
Қорытынды жасап, әр топтан бір оқушы қойылған мақсатқа қалай жеткенін дәлелдейді.
    Әр оқушы дәптерге бір сөйлем жазып, тыныс белгілеріне назар аударады.
    Ой толғау кезеңі немесе кері байланыс.
Деңгейлік тапсырмалар
                                          I нұсқа
     I деңгей: 1) Төл сөзге   байланысты тиісті тыныс белгісін қой.
    1. Бауыржан қазір қатты толқыған кеудесін керіп тұрып, аязды суық ауаны соншалық ұзақ бір жұтты... Жұтты да аяз не деген тәтті еді деп ойлады. 2. Қартқожа сөз сөйледі сөз емес, іс керек, құрысын надандық деп сөзін бітірді. Сал, сал бар сергек ойды осыған деп, Бауыржан іштен тағы бір ширығып алды.
    2. Осы сөйлемдердің схемасын көрсет.
               1.
               2 а
               2 б
    3. Төл сөзді орын тәртібіне қарай өзгертіп, соған сәйкес тыныс белгісін қой.
Ақсұлу кекетіп:
    -Мақсатыңа жеттің ғой, мазамды алма, - деп, теріс қарап жүре беруші еді.
    II деңгей: 1) 64-жаттығу 1, 2, 3 сөйлемдер, сөйлемдерді толықтырып тиісті тыныс белгісін қой.
    2) осы үш сөйлемнің схемасын көрсет.
III деңгей: «Айман-Шолпан» жырынан үзінді келтіре отырып, төл сөз бен автор сөзі арқылы өзіңнің Айманның қиындықты жеңгені жайында түсінігіңді жаз. Тыныс белгісін дұрыс қоюға тырыс. (3-5 сөйлем).
                                  II нұсқа
    I деңгей: 1) Тиісті тыныс белгісін қой.
    1. Ұланның сыртқы бейнесі тап-тұйнақтай болғаны дұрыстау болар еді, бірақ мына әжімі құрғыр ертерек түсіп қалған ба қалай деп, бетін сипай түсіп көрдіңіз бе қатпарланып тұрғанын деді маған.
     Әжемнің әр қатпарында өмірдің ізі ғана емес, сырлары да жатыр ғой дедім мен.
    2.Осы екі сөйлемдердің схемасын көрсет.
               1.
               2.
    3. Камар Нұрымға былай деді: - Айтайын шын сырымды ауызба-ауыз. (Төл сөз бен автор сөзінің орындарын өз еркің бойынша өзгерт).
    II деңгей: 1)195-жаттығу   Тиісті жеріне сызықша қойып, көшір.
 2) Осы үш сөйлемнің схемасын сыз.
    III деңгей: Төл сөз бен автор сөзінің ережесін пайдалана отырып «Айман-Шолпан» жырынан Айманның қиындықты жеңгені жолындағы күресінен үзінді келтіріп, өз түсінігіңмен дәлелде.
 Ш нұсқа
    I деңгей: 1) Төл сөзге байланысты тиісті тыныс белгісін қой.
1. Баланы басқаға телу деген мүлде теріс әдіс екенін тұрмыс өзі көрсетті деді Бану.
    Озық оқушы екені рас еді Жақыпбек бірақ кемшілігі бар. Менің байқауымша Жарқын тым өзімшіл, мақтаншақ, болып барады. Табылған ақыл, Мұқа деп Жарқын да айналасына бір қарап алды.
 2.Осы үш сөйлемдерді ңсхемасын көрсет.
                1.
                2.
                3.
3. Жамал: - Өзі күйіп жүрген жанымды күйдірме, - деді.  (Төл сөз бен автор сөзінің орындарын өз еркің бойынша өзгерт).
    Ақсұлу кекетіп:
    - Мақсатыма жеттің ғой, мазамды алма, - деп, теріс қарап жүре беруші еді.  
     II деңгей: 1) 196-жаттығу Тиісті жеріне сызықша қойып көшір.
    2) Осы екі сөйлемнің схемасын көрсет.
III деңгей: Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілерін пайдалана отырып «Айман-Шолпан» жырынан Айманның қиындықтарды жеңу жолындағы күресінен үзінді келтіріп, өз түсінігіңмен дәлелде. 
Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: