Сабақ жоспарлары / География

География пәнінен 11 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (жаратылыстану-математикалық бағыты)

География пәнінен 11 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (жаратылыстану-математикалық бағыты).
География пәнінен 11 - сыныпқа арналған сабақ жоспарлары (жаратылыстану-математикалық бағыты)

Тақырыбы:Кіріспе
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Д.ж. аймақтық шолу географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. аймақтық шолу географиясы пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі:Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
                              2. Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.   Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.
            «Д.ж. аймақтық шолу» географиясы мазмұны мен құрылымы жағынан елтану бағытында қарастырылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, ХХ ғ/ң 2-ші жартысынан бастап д.ж. көптеген елдерінде табиғат ресурстарының шаруашылық бағытта шамадан тыс пайдаланылуы салдарынан табиғи орта күшті өзгеріске ұшырады. Ал қазіргі кезде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері адамзат қоғамының басты назарында болып отыр. Екіншіден, жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.
            Оқулық құрылымында 10-сыныпта жалпы шолу ретінде оқып-танысқан тарихи-географиялық аймақтар алынған. Бұл аймақтардың шекаралары физикалық-географиялық аймақтардың шекараларына сәйкес келе бермейді. Оқулықта, алдымен тарихи-географиялық аймақтардың экономикалық-географиялық, геосаяси жағдайларына жалпы шолу жасалады, ал елдерді оқып-үйрену реті олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне байланысты топтастырылған.
            География саласының құрылымдық және мазмұндық ерекшелітеріне орай, көптеген басқа ғылымдармен (қоғамдық, жаратылыстану, техникалық, т.б.) де байланысы зор. Соның нәтижесінде географиялық жаңа пәндер қалыптасуда. Мұндай өзара байланыстар ауқымының кеңдігі географияның ғылым ретіндегі маңызын арттыра түседі. Мысалы, географияның экологиямен, геологиямен, жалпы биологиямен байланысы геоэкологияның, ал экономикамен байланысы экономикалық географияның қалыптасуына негіз болған.    
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Кіріспе.
Сабақ№________Сыныбы_________Күні_________
Тақырыбы:Еуропаның саяси картасы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Еуропаның саяси картасы мен құрылымы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары жөнінде  түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:  Еуропаның саяси картасымен  танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.             4. Тірек-сызбамен жұмыс.
                              2. Әңгіме-дәріс.              5. Кестемен жұмыс.
                              3. Б.Ү.Ү. кестесі.              
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
 Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.  Ұйымдастыру кезеңі.
            Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
            1. Д.ж. әлуеметтік-экономикалық географиясы нені зерттейді?
            2. Ғ.Т.Р. географияға қатысы?
            3. Географияның өзгеріске ұшырауы?
            4. Қазіргі дәуірдегі география?
5. Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
            Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен  жұмыс.
            Тірек-сызба  арқылы Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы  түсіндіріледі.


Кестемен жұмыс.
            Кесте арқылы Еуропаның табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарын түсіндіру.
Пайдалы қазбаларыБалтық қалқанында рудалы пайдалы қазбалар, ежелгі платформаның қалың шөгінділерінде жанғыш тақтатастар, тас көмір кен орындары Донец, Рур, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Уэльс. Қоңыр көмір Орта Еуропа жазығының шөгінді жыныстары мен Мәскеу маңы алабында кездеседі. Мұнай мен табиғи газ Солтүстік теңіз бен Каспий теңізі қайраңдары мен Карпат, Пиреней алды шеткі иіндерінен өндіріледі. 
Агроклиматтық ресурстарЕуропаның қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа бөлігіндегі агроклиматтық ресурстар аыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға мүмкіндік береді.
Су ресурстарыТұщы су қоры аз елдерге Бельгия мен Нидерланд жатады, Скандинавияның батысында гидроэнергетикалық қор жеткілікті.
Жер ресурсыЖер қорының 30%-дан астамы жыртылған жерлер, 18%-ы жайылымдар мен шабындықтар, 33%-ға жуығы ормандар, 19%-ы елді-мекендер, көлік жолдары, кеніштер мен жарамсыз жерлер үлесіне тиеді.
Рекреациялық ресурстарКлиматы қолайлы жағажайлар мен әсем табиғатты тау баурайларында дамытылған.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
БілгенімҮйренгенімҮйренгім келеді



V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
            Үйге: Еуропаның саяси картасы.


Пікір қалдыру (0)

Пікірлер: